Алтынбекұлы Қожаның Айтжан, Сейтжандарының балаларының тағдыры туралы \\\”Маңғыстау\\\” газетінің (21) жиырма бірінші тамыз 1997 жылғы санында жарияланған А. Әбдірұлының \\\” Әулеттен алтау еді тартқан азап\\\” деген көлемді мақаласы осы әулеттің саяси қуғын-сүргін құрбандары болып, сталиндік зұлматты бастарынан қалай өткергендігі туралы баяндайды. Сейтжанның өз ажалынан өліп, ақ жауып қойылған Мерей деген баласынан басқаларының, атап айқанда, Иманқұл, Шариғат, Бөлтек, Балиғат, Ақиқат, Мақсымбайлардың тағдырларын оқыған жандар немқұрайды күй кеше алмасы анық. Осы алтаудың үшеуі \\\”Аза кітабына\\\” еңгізіліпті. Жалпы, біз анықтаған, Есен ауылының (25) жиырма бес азаматы саяси қуғын-сүргін құрбандары болып атылып-асылып, жер аударылған, түрмелерде көр азабын тартқан. Енді осы азаматтар жөнінде мәліметтер бере кетейік.

\\\” Айтжанов Иманқұл, 1880 жылы туылған, 18-ауылда ЖОС мүшесі. Гурьев облысы бойынша НКВД Үштігінің жиырма жетінші (27) қыркүйек 1938 жылғы үкімімен жазаның ең ауыр түріне кесілген. Он бірінші (11) қараша 1960 жылы ақталған\\\”.

\\\” Сейтжанов Балиғат, 1892 жылы туылған, Форт-Александровскдегі Мирзоян колхозының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы бойынша НКВД Үштігінің жиырма бесінші (25) қараша 1937 жылғы үкімімен 10 (он) жылға бас бостандығынан айырылған\\\”. Он бесінші (15) наурыз 1990 жылы ақталған. 

Сейтжанов Мақсымбай 1910 жылы Маңғыстау ауданы он сегізінші (18)- ауылда туылған, осы ауылда ЖОС бригадирі, Гурьев облысы бойынша НКВД Үштігінің үкімімен жиырма жетінші (27) наурыз 1938 жылы он (10) жылға еңбекпен түзеу лагеріне жіберілген. Екінші (2)- сауір 1962 жылы ақталған.

Сейтжанов Бөлтек, 1896 жылы Маңғыстау ауданының он төртінші (14)- ауылында туылған. Малшы. Бесінші (5) сәуір 1932 жылы 58-2, 59-3 баптарымен айыпталып үш (3) жылға бас босандығынан айырылып, жер аударылған. Жиырма тоғызыншы (29) маусым 1991 жылы ақталған.

Осы жоғарыда деректері берілген азаматтармен бірге Есен ауылының ұрпақтары Игісәтұлы Ырабай, Сейтжанұлы Шариғат, Ақиқат, Дүйсембаев Ізбосын, Төлегенов Ергенқұлдар да галащекиндік \\\”Кіші қазан төңкерісінің\\\” қанды шеңгеліне ілініп тамұқтың өткелдерінен тірілей өткендер. Келешек ұрпақ осындай жазықсыз жазғырылған жандардың тағдырын естен шығармаулары керек. Ел басына қара түнек орнатқан зұламат заман енді қайталанбасын деп тілейміз.

Есен ұрпақтары арасынан Маңғыстау облысына белгілі айтулы малбегі Мақсымбайұлы Бердіханның есімін атап өтеміз. Ол 1950 жылдарға дейін Маңғыстау ауданының Чапаев атындағы колхозда шопан болып еңбек еткен. 1950 жылдары алдыңғы ілекпен Қарақұм жағындағы Бұғыбай, Алтықұлаш-Бөкен өңірлеріне қоныс аударып, кейіннен өз алдына бөлініп отау шыққан Бейнеу ауданында ұзақ жылдар игілікті еңбек етті. Оның әкесі Сейтжанұлы Мақсымбай сталиндік репрессияға ұшырап жазықсыз 10 жылға жер аударылғанын біз жоғарыда айтып өткенбіз. Бердіхан \\\” Маңғыстау \\\” кеңшарының озат малбегісі ретінде \\\” Октябрь Революциясы\\\” орденімен марапатталған жан.

 

Мақаланың авторы: Айбар Тасболатов
Сейтжан
Tagged on: