Балсүйір Алтынбекұлы атамыздан аңызға бергісіз деректі әңгімелер көп қалған. Бозашы түбегін жайлаған Адай тайпасының Жеменей, Жары деген қос руы қыз алысып, қыз берісіп, соған сәйкес нағашылы-жиен, жезделі-балдыз, қайынды-жеңге болып әзіл-қалжыңдары жарасып, қатар өсіп жатқан ел. Бірде атамыз Жары замандасымен құдық басында кездесіп қалады. Құдық басында шалшық суға секірген құрбақаны көріп қалған замандасы. 

Әй, Балсүйер, сені жүректі батыр дейді. Сол рас болса, мына құрбақаны тірілей жұтшы, жұтсаң астымдағы атымды түсіп берейін,-дейді.

Құрдас, жарайды келісемін, бірақ мен біреуін емес бірнешеуін жұтамын. Тек былай келісеміз, бақалардың тырнақтарын кесіп тастаймын. Ал сен, атыңа күмістелген ер-тоқымын, сосын ана алтын белбеуіңді қосып бересің.

Қос замандас осылай келіскеннен кейін көлшіктен тоғыз бірдей құрбақаны ұстап жинайды. Балсүйер олардың тырнақтарын кесіп бір жіпке тізіп байлайды. Бисмиллә деп бір-бірлеп жұта бастайды. Төрт-бесеуін жұтқанын көрген құрдасының жүрегі айнып, Балшекең емес өзі лоқсұп құса бастайды. Батыр тоғызын жұтып, құрдасына көріп ал дегендей жымия күліп бір-бірлеп кейін шығара бастайды. Бұдан әріге шыдай алмаған замандасы атын тебініп ауылына қарай шаба жөнеледі. Кім білсін, дүниесі түспегір тұщы дейдіғой, аты мен белбеуін қимады ма? Ел ақсақалдары кейін естіп, қонақ қылып силап келіскен ат мүліктерін бергізген екен.

Ол тұста қандай нәрсеге бәстессе де, айтқанынан ешкім қайтпаған, мойынұсынып міндетіне алғанын қаяусыз орындаған, селт етпестен сөзінде тұрған. Сондай атамыздың бірі Есен-Өтебай ұрпағы Балсүйер екен. Сом тұлға, апайтөс алып болған. Бірсөзді айтқанын орындамай тыныштық таба алмайтын да әдеті болған. Сол кезде Адай мен Әлім арасындағы теріс ыңғайлы ілік-шатыс ақыры екі ру өкілдері арасында қарулы жанжалмен барып тынған екен.

Кәрі каспийдің солтүстік шығыс жағалауында теңіз суы қатқан, қаңтар нақ күшіне еніп тұрған кезі болса керек. Екі жақтың жел өкпе жігіттері топталып мұз үстінде маңдай тірескен. Бұл оқиға\” мұз қырғыны\” деген атаумен тарихта бедерленген. Осы кездесуге кімдер барады, қалай араласады деген ойласу кезінде Балсүйердің беттегенінен қайтпайтын қыңырлығы ашық анықталған ғой. Шайқасқа қатысқандар шетінен жарау ат мінетін болғанда әншейінде де белді аттың өзіде Балсүйер мінгенде сыр беретін болған. Сондықтан ол бойлай атан мінеді екен.

Балсүйер саған не жорық?! Қашан естіп, біліп едің жаугершілікке атанмен барған пенде болғанба, сірә.

Солай-ақ, шығар. Ал, сендер бұл майдандасуды қара жерде емес Қатқылтүбектің көк мұзы үстінде өткермексіңдер. Мұзда түйе пәлендей тайғақ келмейді, ал ат біткеннің сыр берері кәміл. Сонда қарсыласқа үстемдеу салмақ салатының мен болармын-ау, сірә. Бұларыңа көнер мен емес. Шайқастың бел ортасында боламын, бетпе-бет келгенін сойылдың астына аламын. Сойылым тиген жерде жан сақтап қалар ешкім болмас, құдай деп айтайын. Әй, түйемен жүріп не қауқар етер дейсің деп менсінбей өтіп бара жатқанның мойнына қыларқаннан қыл бұрау түсетіні тағы бар. Осыған бәстесемін дейтіндерің барма, кәне?

Бәстесіп қайтеміз, тәйірі. Уақытында көрерміз. Шежіреде 1821 жылы болды делінетінбұл ат маңдайын тірескен оқиға ақыры екі ел ақсақалдары, би-шешендерінің өзара кездесуімен Адай Төлеп батырдың тікелей ұрпағы Мәмбетнияздың сақал сипар бітімімен аяқталған ғой.

Жалпы Балсүйер атамыз алып денелі, сүйекті, ірі кісі болғандықтан келіндері Алпан деп атап кеткен. Аштық жылдары тау бұлағынан су бөгеп, егін егіп елге қызымет еткен. Ақшымырауда Балсүйер бөгеті деген әлі күнге дейін бар. Ер көңілді, алып денелі, асқан қара күш иесі Алтынбекұлы Балсүйер өз тұсында талай жерде бәстескенде дес бермеген адам болған. Ерлігімен, қайратымен өз ортасында оның беделі зор, көз сүйіндіререр ұрпақтары өскен, әулет иесі. Балсүйер атамыздың ұрпағы Көшекен атамыз кеңес үкіметі тұсында ұзақ жыл ұстаздықпен айналысып еліне танылды. Оның баласы Теңелбай атамыз қазір Түпқараған ауданының Таушық ауылында тұратын танымал азамат, зейнеткер. Артынан ерген Нұрлан, Ерлан, Ербол ағаларымыз ата жолын жалғастырып келеді.

Балсүйір батыр
Tagged on: