Есен, Өтебай, Мұрат әулиенің немересі, Алтынбекұлы Шилан да кезінде би болған, ел басқаруға араласқан адам. Шиланның әуелгі алған әйелі Жары Дәулеталы ауылының қызы екен. Одан, Өткілбай, Қойшығұл, Сауғабай деген үш ұлды болған екен. Бұлар 1930 жылдары \”Халық жауы \” аталынып ұсталып кеткен. Он бесінші наурыз 1995 жылы \” Маңғыстау\”газетінде жарияланған \” Аза\” кітабында Алтынбеков Сауғабай Шиланұлы 1895 жылы туылған, Маңғыстау ауданының 17-ауылында ЖОС мүшесі болған. Жиырма жетінші желтоқсан 1938 жылы НКВД үштігінің үкімімен жазаның ең ауыр түрі ату жазасына кесілген. Төртінші наурыз 1990 жылы ақталған\”-деп, жазылыпты.

Шиланның екінші әйелі Ақша Сыдиық Жұбаевтың қарындасы екен. Одан Иманқұл, Санат деген екі ұл, Сұлухан, Жұпар атты екі қыз туылған. Иманқұл жастайынан діни оқу оқыған, молда болып бала оқытқан сауатты кісі болған. Кеңес үкіметі кезінде колхозға есепші, ферма басқарушысы қызыметтерін атқарған екен. Шиланға \” Молдабек\” деген қауымда төрт құлақты там тұрғызылған. \”Молдабек әулиеде\” Есен, Өтебай, Мұрат әулиенің немересі Дауысұлы Молдабек. Шилан атамызбен тетелес, замандас адам болса керек. Қасында \”Әулие-ана\” атанған Балша шешемізде жерленген. \”Балша\” Есен, Өтебай, Келалы келіні, Оразбай атамыздың зайыбы, Қосқұлақ Бекет-атаның жиені екен. Ақшымырау мен Қызаннан елу шақырымдай жерде Шилан атамыздың қаздырған құдығы бар. Халық ол құдықты осы күнге дейін пайдаланып отыр. \”Шилан құдығы\” деп аталады, деп әңгімелейді Иманқұлұлы Тезекбай кәкеміз. 

Шилан атамыздан тараған ұрпақтары, өсіп-өнген іргелі ауыл. Өткілбайдан Көртбай, Көртбайдан Көмекбай, Әби, Асқар, Жайлау, Айтбай, Доғдырбай. Қойшығұлдан Қалыңбай, Қалыңбайдан Кемел, Жедел, Қамидолла, Абдолла, Оңғалбай, Арғынбай. Иманқұлдан Тезекбай, Жақсыбек, Балабек, Төребек әкелерімізден тараған ұрпақтары ата жолын жалғастырып келе жатыр…

Шилан би
Tagged on: