Асыл адам,
Ғажап адам.
Қадірге құрметке лайық адам,
Әке деген ұлық адам.

Данада һәм данышпан,
Әке деген осындай адам.
Біз үшін қамқор болған,
Рахымы кең болған.

Әке – патша,
Әке – ханзада.
Орны оның дара тұрған,
Қандай мақтау айтсаңда, әкеге лайық әр қашан.


Ардағымсың, әкетайым, асқарым.
Қанатымсың, бар байлығым, аспаным.
Сенің арқан бүгінгі күн көргеніміз,
Жанымдасын керегі не басқанын?!

Өмірімнің мәні сенсің – әкем-барым.
Алдында тік тұрғызар ем әке бәрін.
Жетпейді ғой, бұдан көпке лайықтысын.
Нұрын жауып жарылқасын сені Тәңір.

Қорғанымсың, сүйенішім – әкешім.
Сый-құрметпен мақтан тұтам әке шын.
Өзің барда, сөнбейміз ғой, өшпейміз.
Аман жүріп қуантқайсың үй-ішін.

Тәрбиен тек жақсылыққа беттейді,
Сен сілтеген жолдан тайып кетпеймін.
\”Қара қызым\” деген бір-ақ сөзіне,
Бұл дүниеде ештеңе де жетпейді.


Деген әкем…

Көп ақылы қалмағаны ойымда,
Есімде тұр, сөйлемеймін алшы ғып.
Баласымын, сосын шығар бойымда.
Әкеме ұқсас мін мен мінез баршылық.

Жақсы болсын, жаман болсын бұ күні,
Көресіге көрсетіп-ақ келемін.
Деген әкем: “Жол ақысы түгілі,
Кісі ақысын ешқашанда жемегін!”

Осы күні жанарым жас, жаным тағы жүдеулі…
Деген әкем 5 жасымда алқына.
“Тиіскен соң, жылатсаң да біреуді,
Жұдырықтан жылап келме алдыма!”

Бет алғанда махаббаттай жорыққа,
Деген әкем: “Жолың болсын жортқанда!
…Сұлулығы жоқ адамнан қорықпа,
Сұлулығын жоғалтқаннан қорықсаң да”.

Телхожа әкем
Tagged on: