Қондыбайұлы Арқабай. Арқабай бабамыз қазіргі Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылы (бұрынғы қайшылы) 1860-65 жылдары өмірге келген. Қайшылының ТЕМІР атасынан тарайды. Алланың берген сиы жайлаудағы түйе, жылқы, төрт түлік малдарының көптігінен,өз заманында аса дәулетті азамат болып,ел ісіне араласқан. Сол кездері ОРЫС патшалығының саясаты жүріп тұрған заманда,би болыстармен бірігіп ел ісіне араласып СТАРШЫН қызметін атқарып еліне адал қызмет еткен. ТЕМІР атадан Байдәулет,Байтоқ, Байтоқтан Байсың, Сама би. Сама би қайшылының ұраны болған (немере інісі Байсүгірден алдын) және биі болған. Арқабай бабамыз САМА бидің бесінші ұрпағы МЕЛДЕШ ақсақалмен замандас болған. 19 ғасырдың аяғы 20ғасырдың бас кезінде ЖОН АРЫҚ жеткен КЕҢСАЙ ұлтанында ҚАРЖАН өзеніне қараған беткейінде АРҚАБАЙдың бауы деп үлкен суармалы бау жасалынған. АРҚАБАЙ бабамыз осы сайды мекен еткен. Кейін 1917 жылдары қызыл империяның солақай саясаты орнап, бабамызға қуғындық жасалынады. Сол себепті мал мүлкін жинап Өзбекстанға Сіргелі еліне қайшылы руының ТЕМІР атадан тараған ағайындар арасына барып тұрақтаған. Өзі өмірден өтер кезде шамамен 1926-30 үлкен ұлы Қашымға өзі өмірден өткен соң елге көшуге кеңес береді. Қашым бабамыз екі жыл дегенде бүкіл мал мүлкінмен елге көшіп келген екен. Қондыбайұлы Арқабай. Арқабай бабамыз қазіргі Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылы (бұрынғы қайшылы) 1860-65 жылдары өмірге келген. Қайшылының ТЕМІР атасынан тарайды. Алланың берген сиы жайлаудағы түйе, жылқы, төрт түлік малдарының көптігінен,өз заманында аса дәулетті азамат болып,ел ісіне араласқан. Сол кездері ОРЫС патшалығының саясаты жүріп тұрған заманда,би болыстармен бірігіп ел ісіне араласып СТАРШЫН қызметін атқарып еліне адал қызмет еткен. ТЕМІР атадан Байдәулет,Байтоқ, Байтоқтан Байсың, Сама би. Сама би қайшылының ұраны болған (немере інісі Байсүгірден алдын) және биі болған. Арқабай бабамыз САМА бидің бесінші ұрпағы МЕЛДЕШ ақсақалмен замандас болған. 19 ғасырдың аяғы 20ғасырдың бас кезінде ЖОН АРЫҚ жеткен КЕҢСАЙ ұлтанында ҚАРЖАН өзеніне қараған беткейінде АРҚАБАЙдың бауы деп үлкен суармалы бау жасалынған. АРҚАБАЙ бабамыз осы сайды мекен еткен. Кейін 1917 жылдары қызыл империяның солақай саясаты орнап, бабамызға қуғындық жасалынады. Сол себепті мал мүлкін жинап Өзбекстанға Сіргелі еліне қайшылы руының ТЕМІР атадан тараған ағайындар арасына барып тұрақтаған. Өзі өмірден өтер кезде шамамен 1926-30 үлкен ұлы Қашымға өзі өмірден өткен соң елге көшуге кеңес береді. Қашым бабамыз екі жыл дегенде бүкіл мал мүлкінмен елге көшіп келген екен.

Мәлімет берген: Мұса Ерлан Түктібай

Арқабай
Tagged on: