ӨМІРБАЯН
Мен Есенқулов Қуатбек Рысбекұлы, 1958 жылдың 5
тамызында ОКО, Сарыағаш ауданы, «Карл Маркс» совхозының
Ильич бөлімшесінде дүниеге келдім.
1974 жылы «Карл Маркс» совхозының Ильич бөлімшесінде
А. Макаренко атындаты Nº9 орта мектебін бітірдім.
1974-1976 жылдары Сарыағаш аудандық сауда базасында
жұмысшы болып еңбек еттім. 1976 жылы Сарыағаш аудандық кәсіби-техникалық училишесінің жүргізушілік курсын бітіріп,
Сарыағаш аудандық автокөлік мекемесіне жүргізуші болып
жұмыска орналастым.
1977-1979 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болдым.
1980-1983 жылдары Сарыағаш ауданы, «Карл Маркс» совхозының
Ильич бөлімшесінде А. Макаренко атындағы Nº9 орта мектебінде
автокөлік экспедициясында жолаушылар тасмалдау автокөлік мекемесінде жүргізуші болып жұмыс істедім.
1985-2007 жылдар арасында ҚР ішкі істер Министрлігі ОКО ішкі істер Департаментінің жол-полиция басқармасында сержант шенінен бастап, полковник шеніне дейін әр түрлі қызметтерде қызмет аткардым. ОҚО жол полиция басқармасының бастығының орынбасарының қызметің атқардым.
2007 жылдың мамыр айында ішкі істер органдарынан
зейнеткерлікке шығып, 2009 жылдың қыркүйек айына дейін
«Халык Банк» АҚ-ның Шымкент, Жамбыл, Қызылорда облыстары
бойынша аумактық менеджері қызметін аткардым. 2009 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың караша айына дейін «Альянс
Банк» АҚ-ның Шымкент қаласындагы филиалының қауіпсіздік бөлімінің бастығы кызметін аткардым. Қазіргі кезде сот
орындаушысы қызметін атқарудамын.
1989 жылы Алматы автомобиль жол институтының сырттай
бөліміне оқуға түсіп, 1995 жылы бітіріп шықтым. 1999-2002
жылдар арасында Тараз қаласындағы Әулие Ата атындағы
университетінің сырттай бөлімінде оқып, юриспруденция
мамандығын алып шықтым.
Ішкі істер органында қызмет атқарған жылдары ҚР ішкі істер Министірлігінің Құрмет грамотасымен, “Ішкі істер органдарында
20 жыл мінсіз кызмет атқарғаны үшін” және “Мастер-класс” медальдарымен марапатталып , «ҚР ІІМ жол-полициясының еңбек
сіңірген қызметкері» атағына ие болдым. Екі рет офицерлік шендер мерзімдерінен бұрын берілді.
Сарыагаш ауданының 5-6ші созывының шақырылымындағы депутаты болып
сайландым.

Үлкен қызым Есенкулова Гүлнар Куатбековна 1980ж дүниеге келді.
Екінші қызым Есенкулова Азиза Куатбековна 1982 жылы туылды.
Үшінші ұлым Есенкулов Асылбек Куатбекович 1984ж.
Төртінші ұлым Есенкулов Ғалымжан Куатбекович 1989 ж.
Бесінші қызым Қуатбекқызы Адемі 2012 ж.
Алтыншы ұлым Қуатбекұлы Ақылбек 2013 жылы туылды.

Мәлімет берген: Есенқұлов Қуатбек

Қуатбек
Tagged on: