Жұматаев Сағидулла Жолдасұлы
(20.09.1956ж.т.,Қазығұрт ауд., Алтынтөбе а.)-полиция полковнигі.
1973 ж. Чкалов орта мектебін бітірген соң 1974-76 ж. әскериміндетін өтеп,Совет Армиясы қатарында қызмет етті. Жамбыл қ.механикалық зауытта фрезировщик (1976), қаладағы ішкі істер бөлімінде қатардағы милиционер (1978),ішкі істер органдарында басшы қызметкер (1986) болып еңбек етті. Ішкі істер министрлігінің Шымкент қ. арнаулы мектебін,Ленинград қ.-ғы Академиясын бітірген. 2000 ж. маусым айынан Түркістан қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары , Созақ аудандық ішкі істер бөлімінің бестығы қызметін атқарған .
Қазір дербес зейнеткер . Қазығұрт аудандық ішкі істер бөлімі жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы .
Сағидулла