Күзербай би (1719-1798жж)

 

Ұлы жүз Ыстының Досайынан тарайтын Байқараған атасынан Кұзербай Түрікпенбайұлының ел ішіндегі келелі мәселелерді байыппен шешіп, орнықты уәжі, жүйелі батасымен әділ би атанған. Жүйрік ойлы, сөзге шешен кісі екен. Мыңғыраған мал бітіп, дәулет иесі болған. Ел арасында Күзербай биге қатысты айтылып, бүгінгі күнге жеткен әңгімелер біраз  сақталған.

Соның бірі – Ыстыдан ыққан шешен әрі батыр, сөз сайысында ешкімнен тосылмай «Жеті жарғы» атанған Бөлтірікке, сегіз жасар бала бөлтіріктің тапқырлығына риза болған би:

Айтқаның әділ болсын,

Тілеің қабыл болсын,

Жорытқанда жолың болсын,

Қызыр әлейкіәссалам

Шылауыңда болсын.

Дұшпаныңа киелі бол,

Халқыңа иелі бол,

Өзіңе өмір берсін,

Айтқан сөзің әрдайым

Жүйелі болсын, –

  • деп бата беріпті.
  •  

Күзербай бидің үрім бұтақтарының қазіргі ата қонысы ОҚО Бәйдібек ауданындағы Жүзімдік ауылы.

Жоғарыда аталған аталған Түрікпенбайдан Күзербай-Бақбай-Әбдірбай-Шардарбек – Әбілдабек және Сәдібек. Соңғы екеуінен тараған ұрпақ Бәйдібек ауданының орталығы Шаян селосында және Шымкент қаласында тұрады.

Күзербай би
Tagged on: