Қожаберген Жәнібекұлы (1698–1785) — Абақ Керейдің Шыбарайғыр руынан шыққан даңқты батыр, елін қорғаған әділ қолбасшылардың бірі. Ол жастайынан ат үстінде тәрбиеленіп, жауынгерлік өнерді әкесінен және ел ішіндегі тәжірибелі батырлардан үйренген. Жоңғар шапқыншылығы күшейген қиын кезеңде Қожаберген Абақ Керей жасақтарын ұйымдастырып, шығыс шекараларда елді қорғауға белсене қатысқан. Ерлігімен, батылдығымен, елге деген адалдығымен танылғандықтан, оның есімі уақыт өте келе бүкіл Абақ Керейдің ұранына айналды. Қожаберген батыр тек соғыста ғана емес, бейбітшілік істерде де беделді болып, жер мәселесі мен елшілік міндеттерді де атқарған.Абылай ханның төрт тірегінің бірі.Ол ұзақ өмір сүріп, артына батырлықтың, бірліктің, елдік рухтың жарқын үлгісін

Жоңғар шапқыншылығы күшейген XVIII ғасырда Қожаберген батыр Абақ Керей қолын бастаған маңызды тұлғалардың бірі болып, шығыс өңірдегі қорғаныс шептерін сақтауға зор үлес қосқан. Оның әділдігі мен батылдығы халыққа сенім беріп, ел бірлігін нығайтты. Уақыт өте келе оның есімі бүкіл Абақ Керейдің ұранына айналып, батырдың елдік рухтағы орны одан әрі биіктеді. Қожаберген Жәнібекұлы ұзақ өмір сүріп, артына өшпес өнеге мен ерекше құрмет қалдырды.

Қожаберген батыр
Tagged on: