Қазақтың жанашыр баласы болып өмірге келген Алдаберген бидің, «халық жауы» деп жалалы болғанға дейін тағдырына тоқталып өтелік. Алдаберген Нұрманұлы 1887 жылы қазіргі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, \”Жүзімдік\”ауылында дүниеге келген. Албадергеннің ата- тегі туралы \”Жүзімдік\” ауылыньң көне көз шежіре қариялары былай таратады. Арғы бабасы Бәйдібек би, Ұраны Жауатар (Ысты), Доспанбет (Тілік) – Мұса – Ақмеңтей – Қойшыбай – Досай би, одан Есен (Байқараған) – Жылкелді, одан – Қара. Қарадан – Өмірзақ. Оның Дәулен, Маңсары, Нұрман, Өтеп деген төрт баласы болыпты. Нұрманынан Алдаберген туыпты. Ауыл молдасынан хат таныған Алдаберген ел басқару ісіне жастай араласады. Болыс, билерге хатшылық қызмет атқарып жүріп, өзінің зеректігі, алғыр тапқырлығы арқасында ел құрметіне бөленеді.
Оқу, білімнен хабары бар әкесі Нұрман баласын оқып, білім алуды армандайды. Алдаберген 1918-1920 жылдары әуелі Ташкент, кейіннен Самархан медреселерін үздік тәмамдап елге оралады. Ауылдастары оны болыс етіп сайлап алады. Содан ол 1927 жылға дейін болыс, кейіннен би болып ел басқару ісіне қызу араласып кетеді. 1928-1930 жылдары \”Жүзімдік\” ауылын артел, кейін колхоз етіп ұйымдастырады да, оны өзі басқарады. Сөйтіп, коллективтік шаруашылықтың алғашкы қиын-қыстау ахуалын бастан кешіреді. Өзінің Күзембай Нәлібайүлы, Ыдырыс Битабарұлы тәрізді жақын туыстарымен ақыл қоса отырып жұртты еңбекке жұмылдырады. Бұрын ойда-қырда бытырап жүрген халықтың басын біріктіріп, отырықты ел етуге күш салады. Алдабергеннің елге қамқорлык, ұйымдастырғыш қабілеті күшті болатын дейді көз көргендер. Оның мұндай асыл қасиетіне, ең алдымен шешендігі мен көреген көсемдігі, ақпа-төкпе ақындығы, елге деген қамқорлығы себеп болса керек.
1931 жылдың бас кезінде Алдаберген Ташкент, Шыршық жағына қызметке ауысады. Онда ол аудандық оку бөлімінің меңгерушісі және аудандық атқару комитетінде кызмет атқарады. Бұл жылдары Кеңес өкіметі басшыларының ел арасынан шыккан нағыз жанашыр, аяулы азаматтарға \”Халық жауы\” деген жалған айып тағып, қуғын-сүргінге душар еткені тарихтан белгілі. Сонымен Алдаберген би де \”Халық жауы\” болып айыпталады да, абақтыға жабылады. Ол өзінің айыпты емес екенін, ел үшін адал еңбек етіп жүрген кедей-шаруа екенін дәлелдеп бағады. Оған жала жауып, асыра сілтеп кіналап жүрген жергілікті әпербақандар оны тыңдасын ба? Қайта өшіге түседі. Алдаберген ақын сонда былай деп облыстық сотқа өлеңмен шағым жолдайды:
Өлең ғып жаздым бұл арыз. Айтқаным менің шын еді. |
Жалғаны болса ісімнің, Алдаберген өз атым, |
(Ботабекұлы Адырбектің айтуынан жазып алған Тәйтеліүлы Болысбек)Бұл арыздан нәтиже шықпайды. Ол жазықсыз жаланың құрбаны болып сотталады да, Беломор-Балтық каналы құрылысына қара жұмысқа жегіледі. Сол еріксіз азапты жұмыста жүргенде ол ауылдағы ағайын-туыстарына, бала-шағасына өлең-хат жазып түрған. Өзінің ізбасар інісі яғни менің баба атам Ыдырысқа жазған хатында былай депті:
Досанның ауыл – атком кеңесінде, Қандырдың толып жатқан хабарларға, Ой толқып ары-бері қиыланды, Өкпелеп бөлкім маған жүрген шығар, Туыстық, бәлкім, менен қорынғаны, |
Өзімен өзі кетсін деген шығар, Жетімге қылса қызмет бөтен емес. Демеймін Керімбайүлы бөтен кісі, Алғанда мысал етіп торғайды да, Жанашыр жақындыктың бір белгісі, |
(Ыдырыстың айтуынан жазып алған Тәйтеліұлы Болысбек).
– \”Сәлем хат\”, \”Анама хат\” \”Сәлем де Беломордың каналынан\”, \”Ел ағасы
Касекеңе\”, \”Қабылбекке\” т.б. азапты тұрмысын, қайғы-қасыретін, мұң-зарын баян еткен хат-өлеңдерін өзінің Ыдырыс Битабарұлы, Адырбек Ботабекұлы дейтін жақын туыстары күні кешеге дейін домбыраға, гармонға қосып айтып келген еді дейді. Алдабергеннің жақын ағайындары бүгінде өмірде жоқ болса да, келешек жастарға керек болар деген оймен бізге Алдаберген би туралы біраз мағұлматтар жазып қалдырған Төрекелді Амантайұлы, Ибадулла Байсейітұлы, ауыл әкімі Пайыз Тұрлыбеков, Алматы тұрғыны Шора Күзембайұлы.
Алдаберген би болып тұрған жылдары Каратаудың күңгей жағындағы ауылдар әлі колхоз болып ұйыса қоймаған, баяғы мамыражай қалпында еді. Ата-баба салт-дәстүрін сақтаған елдер ағайын-жекжат болып, алыс-беріс жасап катынасып-сапырылысып жатқан кезі болатын. Осы жылдары Алдаберген болыстың ауылына көршілес Жетімтаудан Зұлпықар Балғабаев, Шәуілдір жағынан Айтбай Белгібаев, Мырзабек Байжанов (Қызыл жырау) Бәйірбек Елеусізов, Түркістаннан Мұсабек Байзақов (Молда Мұса) Қызылорда, Шиелі елінен Нартай Бекежанов, Қаратаудан Орынбай Тайманов тәрізді атағы елге жайылып кеткен ақындар барып, кейде олардың аулына Алдаберген би шақырылып той-думандатып, өзара айтысқа түсіп, шешендік билік сөз жарыстырып жататын. Осындай думанды бір жиын жөнінде Зұлпықар ақынның аталас туысы 1940-1955 жылдары Досан ауылы, Досан колхозының төрағасы болған шежіреші қария Махат Ақтайлақовтың айтуы бойынша , жазып қалдырған мәліметі бойынша мына төмендегі мағұлматпен таныс болдық.
– Сәуірдің шуақты бір күнінде Жетімтаудағы Зұлпыкеңнің (Зұлпықар ағасын айтады) үйіне үш аттылы түсіп жатты. \”Бұлар кім екен\” деп барсам, төменгі Байқараған елінің болысы Алдаберген екен. Қасындағы екеуін танымадым. Алдаберген мен Зұлпыкең жекжат, олардың жиі араласып, қатысып тұратынын бұрыннан білетінмін. Екеуінің өлең айтысып, шежіре, шариғаттан әңгіме шертісіп отыратынын талай рет тыңдағанмын. Ағай Бұшай жеңешеме қарап \”шай қайнат, қазан көтер\” деді де, \”Махат сен өрістегі малға шап, бір қой әкеліп, мына кісілерден бата сұра?\” деді. Мен Керегетасқа қарай өріп кеткен малға шауып жеттім де, нән бір ісекті өңгеріп әкеп, қонақтардан бата сұрадым. Сонда Алдаберген болыс:
– Кәне, Нареке, батаны сіз беріңіз. Бұл ауылға алғаш рет келіп отырған құрметті қонақсыз ғой, – деп қасындағы мұртты кісіге кезек берді. Ол қолын жайып жіберіп, үй иесіне жақсы тілек, ізгі ниеттерін білдіріп, алғысын термелеп, пернелеп жаудырды. Бәрі \”Аумин!\” деп бет сыйпасты. Қонақтар әуелі шай ішіп шөлін басып алды. Шай үстінде жөн сұрасып танысып жатырмыз. Сөйтсем, бата берген мұртты кісі Ақмешіт жактың кәдімгі Нартай дейтін ақыны екен де, шоқша сакалды кісі шәуілдірлік Айтбай жыршы боп шықты. Бұл екеуін бірінші рет көруім. Алғашқыда анау айтқан күрделі әңгіме жыр бола қойған жоқ. Әшейін ауыл арасы, ағайын-жегжаттың өзара алыс-беріс, барыс-келіс, калжың сөздері кезекпе-кезек жарыса айтылып күлісіп отырды. Шай ішіп касқа маңдайы жіпсіген Нартай ақын, кестелі қоржынынан он екі тілді сырнайын алды да, аңыратты-ай кеп. \”Құлақ сал, ей,
ағайын\”, \”Өздерің білер Нартаймын\” деп басталатын екі-үш өнін шырқады да, қасында отырған Алдабергенге қарап былай деді:
– Болыс-еке, сіздің көңіліңізге келмесін. Ел-жұрт сізді ақын болыс, халқына жақын болыс, әділ болыс\” деп айтады, ана бір жылы біздің Шиеліде бір болыс болды. Өзі кыдырымпаз, парақор елге жайсыз еді. Соның бір жесір дауына билік айтып, кедейдің жалғыз атын жетектеп кеткенін, сөйтіп ауыл жігіттерінен соққы жеп, күлкі болған жайын жырға айналдырып берейін, ал тыңдаңыздар. Нартай осылайша бұл жырының мән-жайын баяндап алды да жесір дауын термелей жөнелді. Ара-арасында жұртты дүркін-дүркін күлдіріп алды. Қонақтар алдына үйме табақ ет келгенде барып ол жырын бітірді, сырнайын қабыстырып жанына қойды да дәмге қарады. Осы естелікті айтып отырған Махат жәкемнен Нартайдан басқаларының не айтқанын сұрағанымда ол кісі:
– Ой, қалқам, несін айтасың, тамаша үш күнге созылды. Зұлпықардың үйіне Нартай, Алдаберген, Айтбай ақындар келіпті деген хабарды есіткен Керегетастағы, Қарабас бойындағы, Сарыбай бұлағындағы, Бестоғайдағы халық аттылы-жаяу Жетімтауға ағылсын кеп. Зұлпекеңнін қоржынбас екі үй тамына сыймаған жұрт дәлізде, есік, терезе тұсында тұрып: \”Өй, пәлі- ай\”, \”бәрекелді, айтысыңа, болайын!\” – деп шу-шу етеді.
– Қай ақын, не айтты? – дегенімде, Махат жәкем көп жыр айтылды ғой, өңкей сақадай-сақадай ірі ақындар бірінен-бірі асып түседі. Оның бәрі бүгінде есте қала береді дейсің бе? Бұл естеліктен мынаны аңғарамыз: демек, Алдаберген би де кезінде осал ақын болмаған. Ол өзінің Нартай, Айтбай, Зұлпықар тағы сондай ділмәр, заңғар шешен ақындармен бірге өлең жарыстырып, өнер сынасып, ақындық алғырлык, шешендігін шыңдай бергені аян. Алдаберген билік, шешендік пен ақындық өнерді катар алып жүрген, әрі би, әрі ақындар санатына қосылатын дарын иесі. Оның бірқатар өлең, жырларын, шешендік, тапқырлык, билік шешімдерін, әсіресе, Бибігүл қыз атынан сөйлейтін Зұлпықар ақынмен хат айтысын ауылдастары осы күнге дейін аузынан тастамай айтып келеді. Бұл айтыстың өзінің жақын туысы Ыдырыс Битабарұлының айтуынан хатқа түскен қысқаша нұсқасы мынау:
Алдабергеннің 1 хаты: |
(осыдан былайғы 3-4 шумағын айтушы ұмытқан.)
Қалжыңдасар сенің мен кісің бе едім? |