А Н Ы Қ Т А М А

Сеңгірбаев Сайрамбай (1926 – 1978) Сеңгірбаев Сайрамбай – 20 мамыр 1926 жылы қазіргі Түркістан облысы, Төле Би ауданының Кеңесарық (Қара сора) елді мекенінде дүниеге келген. Сол елді мекенде бастауыш мектептен сегіз жылдық деңгейінде білім алып, 1940 жылы сол кездің талқысына сай 14 жасар боз бала еңбекке ерте араласқан. Еңбек жолын 1940 жылдың маусым айында Ленгер ауданының « Хлебороб» колхозында колхозшы ретінде бастаған.
1944 – 1946 жылдарда Ленгер ауданының « Хлебороб» колхозында колхозшы болып еңбек атқарған. 1946 жылы Қаратас ауданының «Ынтымақ» колхозына ауыстырылады.
Ал 1948 – 1950 жылдарда Қаратас ауданының «Ақ құм» кохозында қолхозшы қызметін атқарады.
1950 – 1951 жылдар аралығында Қаратас ауданының «Күйік» совхозында жұмысшы ретінде еңбек еткен.
1951 – 1965 жылдар арасында «Жданов» совхозында жұмысшы болып жұмыс атқарған.
05.08.1965 жылдан – 24.07.1978 жылдар арасында Шымкент облысы Ленин ауданы «Жданов» совхозының №2 бөлімшесінде есепші қызметін атқарады.

Сайрамбай
Tagged on: