Мүсірәлі датқа Жанай датқа ұлы, руы Сіргелі – Қайшылы, туылған жері Қаратау бойында Үсіктас мекеменінең көш қонған жері Шұбар өзеніңін бойында Тоқсансай ауыл мекені.
(19 ғасырдын бірінші жартысында, Қоқанд қандығы кезінде датқа болған)
Мүсірәлі датқа Қайшылы ұрпақтары өнегелі сөз:
Қайратсыздан хан қойсан, қасиеті болмайды;
Үлгісізден би қойсан, өсиеті болмайды.
Мүсірәлі датқаға түс кіріпті, түсінде періштелер үшып жұріп, әуен мен көгенді көрсетіпті, періштелер қайсысын таңдайсын деп сұрағанда, әуен таңдаймын депті, неге ондай таңдауын дегенде, әуен ол білім байлығы, ал көген ол қалын мал байлығы, қанша малын болса жоғалтсан да, басындағы білімді жоғалтпайсын деп жауап беріпті.
Мүсірәлі датқа Қоқанд қанның алдына барғанда, патша сүрапты: сенің әкенде – өзіңде датқа болып адал қызмет жасап еңбектерін сіңген, тілейтінің не бар деп, айтқанынды орындап берейен деген. Сонда Мүсірәлі бабамыз айтқаны: жеті атадаң асқанбыз, енді еншімізді алып бөлек шығып бір шаңырақ көтеріп бір ауыл болуымыз керек, сол себептен қонысымызға жер беріңіз – депті. Патша: қай жерді қалайсын деп сұрағанда; Мұсірәлі: Шұбар өзенің бойындағы бастауынаң Арыс өзеніне қосылғанша дейн жерлерді қалаймын дейді. Қоқан қаны Мүсірәлі датқаға теріге алтын әріппін буйрығын жазып, күміс қалапқа салып, рүқсатын беріпті.
Мүсірәлі датқа еншісің алып Қаратаудың бойынан Үсіктас мекемесінен ата баба жерлерінен көш бастап Шұбар өзеніңін бойына қоныс орнатуға жеткенше көш тоқсан рет қыр мен сайдан өтеді, сондықткан көш қонып жеткен мекеменін атын Тоқсансай деп атайды, Сіргелі – Қайшылы Тоқсансай ауылы деп аталып кетеді.
Мүсірәлі датқа қырық жігітпен қамысты орып Шұбар өзенің бойынан канал қаздырып жеміс-жидек егіп, мал шаруашылығыннмен бірге жер шаруашылығын өндіреді. Ол канал осы уақытқа дейін жұмыс істейді, Тоқсансай-Шұбар ауылдарынын тұрғындары қазірге дейін оны Кайшылы қырғы арығы деп атайды.
Шұбар өзенің арнасында тоғай ағаштар, жағасында қалың қамыс өседі екен, Мүсірәлі датқа қырық жігітпен қамысты орып ауыл орналасқанға орын дайындайды, жұмыс істеп тұсте демалып уйықтап кеткенде түсіне ақшашты ақсақал келіп, ей Мүсірәлі, мен Көз-ата аулиемін, менім жатқан жерімді аяқпен баспай таптамаңдар дейді. Оянып кетіп түсіндегі қарияның айтып тұрған жағына барса, қалын қамыстын арасында бүрынғы заман қүлап қалған ғимараты бар екен. Мүсірәлі датқа ауылды өзеңнін арғы бетіне орналастырады. Сол ғимаратты қайтадан көтергізіп, Көз Ата – аулие мазары аталады, Тоқсансай – Шұбар қайшылылараның мазарына айналады.
Ауылдын келіндері Шұбардың суына кір жуып жұргенде, қалың қамыс арасынан жолбарыс шауып адамдарды өлтіріп кетеді, жана қоныс қойған жер сол жолбарыстын аулайтын жерлері болған шығар. Мүсірәлі датқа жігіттермен атқа мініп аңға щығады, бірақ жолбарыс аңшыларды сезіп, өзіне жақындатпай бір неше рет ұстатпай кетеді. Содан соң Мүсірәлі датқа қолына қойдын терісін орап, оның үстін арқанмен орап-байлап, қанжарды қолына алып, жалғыз жаяу өзі ғана аңға шығып, жолбарыстын ізімен барады. Жолбарыс аншының жақындағын сезіп, адамға шабуыл жасайды, жолбарыс үмтылып секіргенде Мүсірәлі датқа жыртқышқа үмтылып, сол қолын басынын үстіне көтеріп, алдына жіберіп, білегін жолбарыстын аузына салып, оң қолындағы қанжармен жүрегіне соғып жолбарысты өлтіреді. Мүсірәлі датқа бабамыз сондай батыр-батыл адам болған екен.
Мәлімет берген: Нұрлан Алдамұратов