Өмірбаян

          Медетов Жұмағұл Бекенбаевич Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы Алтын-төбе ауылында 05.08.1955 жылы туған.

         1973 жылы Чкалов атындағы орта мектебін бітіріп, совхозда жұмысшы  болып қызмет жасады. Соңынан комбайнер мамандығы бойынша кәсіптік-техникалық училищесін бітірді.

        1974-1976 жылдары Кеңес Одағы Әскері қатарында міндетін атқарды.

        1976 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтына түсіп, \”Санитария, гигиена, эпидемиология. Санитарлық  дәрігер\” мамандығы бойынша 1982 жылы бітірді.

       1982 жылы Оңтүстк Қазақстан облысы Сайрам аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының эпидемиолог дәрігері, 1987 жылдан бастап эпидемиологиялық бөлімінің  басшысы болып қызмет атқарды.

      22.05.1992 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының бас дәрігердің орынбасары.

      26.01.1998ж-15.04.2003ж аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының бас дәрігері қызметін атқарды.

       15.04.2003ж. -24.03.2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы.

       24.03.2006 жылдан бастап  Оңтүстіқ Қазақстан облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшысының орынбасары.

       05.01.2009ж.- 18.06.2014ж. ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадғалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары.

       18.06.2014 жылы Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары.

       18.11.2014ж.- 03.04.2017 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтары қорғау комитетінің ОҚО департаменті басшысының орынбасары. Оңтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. 

       03.04.2017ж. бастап ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің  ОҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, 29.11.2018ж. бастап Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары болып зейнеткерліке  шықты

        13.08.2019ж. бастап  ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің  \”Ұлттық сараптама орталығы\” ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының табиғи ошақтардағы аса қауіпті инфекцияларды зоологиялық бақылау бөлімі басшысы болып қызмет атқарды.

         Жоғары санатты дрігер эпидемиолог. Ардагерлер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалы, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, емдеу – сауықтыру тұрақты комиссия төрағасы.

          Еңбек жолында Сайрам ауданындағы эпидемиологиялық жағдай өте күрделі болатын, әсіресе іш сүзегі бойынша елді мекендерде су құбыры жүгізіліп, іш сүзегін жоюға қол жеткізді.

          Егемендік алған жылдары вакцина болмай, эпидемиологиялық жағдай қиындап кетті. Сол жылдары әкімшіліктен қаржы бөлгізіп, УФА қаласына өзі барып, дифтерия, құтыру ауруларына вакцина әкелді.

         Шымкент қаласы ретсіз көше саудасы, базарларда ретке келтіруде, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуде, мектеп, бала-бақшалар, емдеу мекемелерінің санитарлық нормаларға келтіруде үлкен жұмыс жүргізді.

         2007 жылы Республикада бірінші болып облыстық бюджеттен қаржы бөлгізіп, вирустық гепатитке қарсы егуді бастады, кейіннен жақсы нәтиже болған соң, осындай егу жұмыстары барлық облыстарда жүргізілді. Сол кезде облыс бойынша әр жылы 10000-15000, Шымкент қаласында -5000 вирустық гепатит тіркелген болса, осындай нәтижелі жұмыстар жүргізудің арқасында  жылына  20-30 жағдай ғана  тіркелуде.

         Қызмет барысында ҚР \”Денсаулық сақтау ісінің үздігі\” төс белгісі (2004ж), \”ҚР Конституциясына 10 жыл\”, мерекелік медалі (2005ж.), \”ҚР Денсаулық сақтау ісіне үлесі үшін\” кеуде белгісі (2010ж.), \”Үздік мемлекеттік  қызметші\” төс белгісі (2013ж.), \”Шымкент қаласын дамытуға қосқан үлесі үшін\” төс белгісі (2015ж.), \”Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін\” медалі (2017ж.), \”Еңбек ардагері\” медалімен (2020ж.). Обаға қарсы қызметінің 70 жылдығы (2020ж), Ақмола облысы денсаулық сақтау құрметті қызметкері (2021ж.), Асанбай Асқаровқа 100 жыл мерекелік медалімен (2022ж.). Қоғамға қосқан айрықша еңбегі үшін \”Қазақстан Республикасының құрметті азаматы\” төс белгісі (2022ж.). Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі, облыс, қала әкімшілігі тарапынан \”Құрмет грамоталарымен\”, \”Алғыс хаттарымен\” марапатталды.

          Отбасында жұбайы Медетова Жұмағайша Смагуловна, санитарлық дәрігер, кәзіргі таңда зейнеткер. Ұл-қыздары: Медетов Серік 1982 ж., заңгер-адвокат; Медетов Еркін 1989ж.,Республикаға белгілі  нейрохирург, медицина ғылымдарының докторы; Медетова Гульнур 1987ж., кәсіпкер. Ұл-қызынан 11немересі бар

Мәлімет берген: Медетов Жұмағұл

      

Жұмағұл
Tagged on: