Сарбастардың көбі Алтай тауында қоныстанғанымен, 19ғ. соңы мен 20 ғ. бас кезіндегі әр – түрлі саяси ахуалдарға байланысты жан – жаққа бөлініп кеткен. Қазіргі таңда ҚХР Шыңжаң, Мори, Баркөл, Іле, Ақсай Қазақ авт. аудандарында, Қазақстанда – Алматы, Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстанда, Моңғолияда – Бай Өлке, Қобда аймақтарында, Еуропада – Нидерланды, Вестерес, Стокгольм, Берлин, Мюнхен, Францияда, Түркияда мекендейді. Ұрандары Сартоқай, Сартоқай батыр жаугершілік заманда елін қорғаған белгілі батыр. Сартоқай немесе Сартқай атымен аталатын жер су аттары кездеседі. Қазақстан мен ҚХР шекаралық аймақтарында \”Сартоқай\” өзені бар. Сартоқай батыр туралы деректер өте аз сақталған. Таңбасы — Балға тәріздес. (Т) Сарбас руының малға салатын ен таңбасыда осы (Т) үлгісінде болып келеді.
\”Сарбас\” сөзінің түп төркіні көне түркі тіліне келеді. \”Басы сары адам\” деген ұғымды білдіртеді. Сары түс пен \”бастың\” болуы түркілердегі ерлік пен батылдықты білдірген. \”Сарбас\”, \”Сарбаз\”, \”Сарбаш\” сөздерімен ұйқас келуінен, сөздің түп төркінінде басшылық, көсем сөзіне мәндес мағына жатқанын байқауға болады. Бас – адам денесінің ең қасиетті бөлігі. Сондықтанда басқа қатысты атаулар көшпелі халықтарда басшы болу, ерлік жасау, елін қорғау т.б сәйкес келеді. Көп кездесетін: Ойбас, Қызылбас, Сарбас т.б атаулардың көбі батырлық пен ерлікке байланысты қойылған. Түркі халықтарында \”Сарбас\” немесе сарбаш атымен аталатын рулар көптеп кездеседі. Қазақ ішінде Кіші жүздегі әлімнен тарайтын Қарасақал руында сарбас деп аталатын ата бар. Қарашай халқында сарбаш руы, таулы кауказ халықтарында, қырғыздарда да кездеседі.
Сарбас руынан елге танымал қазақ халқының бір туар азаматтары шыққан. Абдолла қажы Сарыұлы Әл-Бұқари – қазақтың екінші Байбарыс сұлтаны. Араб елінде Байбарыс сұлтаннан кейін, Сауд елі патшасының оң қол уәзірлігіне және Мекке қаласының әкімі лауазымына дейін көтерілген, қасиетті Байтолланың үстіне жамылған кілемді алмастыру бақытына ие болған қазақ, Сауд-Арабия еліне «Еңбегі сіңген генерал», министр дәрежелі әскери басшы. Сонымен бірге түркі, қазақ жұртына танымал қажылардың қамқоры, Моңғолиядағы Баян-Өлгей орталық мешітін салдырған ұлтшыл азамат.