\”Жәнтекей қыстауы\” атанған ескі мекен көне жазбалар мен құжат мұрағаттары бойынша Ақмола облысы Біржан сал ауданына қарасты Үлгі ауылдық округінің Карловка, Трамбувка ауылдарының аралығындағы тоғай арасынан табылды.
Баба жұртына қарасты осы өңірге көрнекті ескерткіш қоюды ұйғарған жетекші топ ҚР мемлекет тарихы инситуты, Тұғырылхан Оң хан корпоративтік қоры сынды ұжымдардағы ғалымдармен сәйкесіп, ғылыми экспедиция ұйымдастырып көп реткі зерттеу жұиыстарын жүргізді.
Картографиялық зерттеулер мен жергілікті жердегі аңыздар тарихи деректермен сәйкес келді.
Тарих тұлға Жәнтекей Бердішораұлының (1461-1552 жылдар шамасында өмір сүрген) қазіргі Солтүстік Қазақстан, Ақмола өңірін қоныстанғаны жайлы деректер көптеп табылады. Тіпті жергілікті ақсақалдар аңызы бойынша, ел аузында күні бүгінге дейін\”Көшебенің көлі көп, Тарышының елі көп, Жәнтекейдің жері көп\” деген ескі мәтел бар екен. Жәнтекейдің ұлдары Сүйіншәлі, Сүйінбай, Сүйіндіктен тарайтын батыр ұлдардың көбінің де сүйегі Ақмола, Қорғалжын, Қарағанды өңңрінде жатқаны ескі карталардан табылып отыр. Мысалы: Сәменбет, Сары, Есіркеп, Ботақара, Барақ, т. Б. Аталған деректер Ш. Құмарұлы, Ж. Шәкенұлы, М. Нұрақышев, т. Б. Қаламгерлер еңбегінен көрініс тапқан.
Осы істің басы қасында болған белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Мәслихат Түсенұлы, жазушы Жәди Шәкенұлы, дәрігер, қоғам қайраткері Толқын Ақанұлы, кәсіпкер, іскер азамат Біләл Сқақұлы, тарихшы Бақытхан Солтанбайұлы және ҚР ауыл шаруашылық палатасының төрағасы меценат Асылхан Игібаев , тарихшы ғалымдар Ғизат Табулдин, Нұржан Жұмабайұлы, т. Б. Лар ғалымдардың сілтемесімен осы өңірге көптеген зерттеулер жасап, аталған тұлғаның осы өңірде өмір сүргенін растады .
Істі одан ары жалғастырып, тарихи құндылықты ұрпақ санасына жаңғырту мақсатында аталған қыстаулық жанынан, Жүкей көлінің жағасындағы бір жағы жартас, бір жағы орман көркі көз тартатын аумақтан 4 гектар жерді ескерткіш қоюға лайықты жер ретінде таңдады. Аталған жерді жекешелендіріп алуға, құжатьарын ресімдеуге жаңадан құрылған Жәнтекей қорының басшысы Толқын Ақанұлы ерекше еңбек етті.
\”Жәнтекей қыстауы\” тарихи атауды қалпына келтірумен бірге еліміздің туристік бағытына бейімделген, туризм орталығының бірі болуды да басты мақсат етіп отыр. Жер шарына тарыдай шашылған Жәнтекей ата ұрпақтары көрікті Көкшенің бауырындағы \”Сексен көлдің\” серкесі болған Жүкей көліне саяхаттап болса да ат басын тіресе отандық туризм үшінде орасан зор үлес болар еді.
Ендігі мәселе аталған нысанға көрнекті ескерткіш қою жұмысы болып отыр. Ол туралы да алдағы күндерде ақпараттар да хабарланатын болады.
Жәнтекей