Қыржының Ақшора деген баласынан тарайтын 10 баласының бірі -Айдостың баласы Едіге батыр. (Қыржыда – Бостан, Арап, Кешу, Қыстау, Едіге, Есентай деген батырлар шыққан). Едігеде ағалары Арап, Қыстау батырлардың қолы астында жоңғарлармен болған соғысқа қатысқан. Жеңіс тойын тойлатып, кейінгі бейбіт өмірді көзімен көрген. Айдос ішінде Едіге ұрпақтары көп тараған. Едіге Көкпекті ауданы Биғаш ауылына тақау Кіндікті өзенінің бойынан жер алған. Ұрпақтары сол жерде мекен етеді. Едігенің \”көп сүйегі\” деген жер бар. Едігеге дейін Қыржылар қайтыс болған адамдарын былғарыға тігіп, сонау ата жұрты Есіл, Нұраға апарып жерлейді екен. Едіге ауырып, өмірден өтетінін сезіп, туысқандарын жинап, өсиет етіпті. Ендігі ұрпағымыздың мекені осы жер болады. Жоңғарлар ешқашан бас көтере алмайды. Сүйегімді сүйремей, болашақ ұрпағымның мекені осы жер, осында қойыңдар депті. Едіге сұрауым:
Таудан аласа,
Жерден биік.
Қарауылы басында,
Суы қасында- жер болсын депті. Едіге батырдың әйелі ақылды екен. Өзі бас болып, Едігенің өсиетін орындапты. Едігеден кейін, Қыржы елі дүниеден өткендерін Ақмолаға апармай осы мекенге жерлейтін болыпты. Едігенің \”көп сүйегі\” аталуы Едігеден кейінгі дүние салғандарды Едіге батырдың жанына жерленуіне байланысты болған. Сол Едіге жерленген жоталы жарбақты Едігенің \”көп сүйегі\” деп атап кетіпті.
Дереккөз: https://m.facebook.com/groups/1126587180710993/permalink/3262130350489988/
Майра Ибраемова