Назар

Сазанбай батыр

          Сазанбай батырдың кір жуып-кіндік кескен жері сол қапталымызды көлбей созылған Қарқаралы, сәл әріректе арайлы шуақ құйылған Қызыларай. Осы қос биікке Наркөшкен жағынан келіп Бұғылы – Тағылы жалғасады. Қазақтың соңғы Дала серісі, атақты Иманжүсіп Құтпанұлы ‹‹Бұғылы мен Тағылы бүркіт салған, Үйпалақтап қып-қызыл түлкіңді алғам›› – деп жырға қосқан. Сарыарқадай сайын өлкенің көркі әйгілі Қарқаралы мен Қызыларай тауларының оңтүстігін ала иық тіресе жатқан қасиетті құт-мекені осы. Ал Сазекең айтты деген сол жалғыз ауыз сөз араға екі ғасырдан астам уақыт салып, бізге жеткенді.                                                                                           Батырдың өз кіндігінен тараған ұрпақ бүгінде бір рулы ел. Қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты толқып аққан Нұра мен Талды, Тескенсу өзендері, Бұғылы – Тағылы таулары бойында өсіп өнген.      Қазақтың көп тірескен жауының бірі – өзіміз сияқты киіз үйді мекендеген, бие байлап, қымыз ішкен қалмақ жұрты. Бір кезде табанымызда жатқан орыс елі біздің қателігімізді пайдаланып дүр дамып, енді бізді жоқ етуді армандаса, қытай да қалмақ даласына ие болуды аңсаған. Екі дұшпанның тіл табысқан келісімі екі көшпелі елді қырғынға ұшыратты. Қазақ Ақтабан шұбырындағы ұшырады. Еріксіз жерін тастап, жөңкіле көшкен жұрттың ортасында бала Сазанбай да, болашақта аты аңызға айналған Сазанбай батыр да болған. Бізге сол аңыздардың сарқындысы ғана жеткен. Жеткізбеген – патриоттық әңгімелерді айтқызбаған кешегі шовинистік жүйе, соның сойылын соққан өзіміздің ұрда-жықтар.Батырдың жеңімпаз рухын, төзім мен қайратын бәрібір ұмыттыра алмады.                     Қазақтың шежіредей аңыздарын жеткізушілердің бірі Қасым Сырымбетұлы Сазанбай батырдың ерлігін суреттегенде, жаумен шайқас үстінде ересен күш иесі болғанын да, көз іліспес шапшаң қимылдап, қарсыласын қас-қағым сәтте ат үстінен жұлып тастайтындай адам болғанын тамсана баяндайтын. ‹‹ Сол айқастарда аяусыз жарақат алса да төзе білген, қолынан қаруын түсірмеген, қайсарлықтың үлгісін көрсеткен батыр еді›› – дейді кешегі үлкендер.                                                                                          ‹‹Сазанбай Қалмақ қырған деген жерде қалмақпен соғысыпты. Сонда шамасы 40 жаста болса керек жекпе-жекке шығыпты››.                                                 Қасым ақсақал: ‹‹Сазанбай ат көтере алмайтын алып адам екен. Жекпе-жекте аты құлап, аяғын суыра алмай жатып, өзін өлтірмек болып найза сілтеген жауды қаруымен бірге аттан жұлып алыпты›› – деп үстемелеп еді. Сол шайқастарға қатынасқан Сазанбай батыр – күрделі тағдыр иесі. Жауды жеңдік деп масайрап жата бермеген тұлға. Ол осы жеңістің азаматтардың аққан қанымен, батырлардың ағыл-тегіл ағылған ащы терімен бұйырғанын әбден түсінген, басынан кешірген адам. Қырғын соғыс аяқталған соң ол біраз жыл құс ұясын салған Тағылы-Бұғылының биік құздарынан бүркіт ұстап, аң аулап, буырқана аққан өзендерінің бойына үй тігіп, бейбіт қазақы өмір сүрген де. Сол бейбіт өмірде де іш көкейі алаң болған. Абылай хан дүниеден өткеннен кейін қазақ жеріне қол салабастаған Ресейдің ісі де шығыстағы қытайдың сесі де ‹‹елім, жерім›› деген қазақтың азаматтарын дүрліктіргені анық. Әркім өзінше қатерден шығудың жолын іздеді. Қару іздеді, сарбазға сай көлік іздеді. Сазанбай батыр да тыныш қала алмады. Ол өзін шайқастарда шалдықпай алып жүретін атқа зәру болған адам. Батыр келер ұрпақтың тақымының астында сондай тұлпар болуын армандаған. Аңыз, сондай тұлпарды Сазанбай батырдың іздеп шыққаның жеткізеді.                                           Келешек ұрпақ үшін дұшпанмен айқасқа тайсалмай шығар тұлпар іздеген Сазанбай батыр қолға бірге түскен Орынбайды ғана қапастан шығару үшін Бегдербектің айтқанына көнгенсіген, атты әкелтіп бермек болған. Орынбаймен қоштасып тұрып: ‹‹Қазақтың мен сияқты батыр табатын бір қатыны буаз шығар, тұлпарды әкеліп бермеңдер›› – деп бұйырған екен. Сонда батыр: – мен үшін ел-жұртым қайғырмасын. Сазанбай тұтқында деп ар қылмасын. Бір қатын мен өлсем де буаз болар, қолдағы Көкжайдақтан айырылмасын, – деген екен.                                                                                Александр Македонский өлерінде өзін табытқа салуын, табыттан тесік жасап бір қолын шығарып қоюын өсиет етіп, ‹‹ жұрт менің бұл жалғаннан ештеңе алып бара жатпағанымды көрсің››, – деген ғажайып өсиет қалдырған Сазанбай батыр қазақ даласының намысын қолдан бермес ел болуын көксеп: ‹‹Қазақтың батыр туар бір қатыны бар шығар›› – деп соның жауға мінер тұлпарын сыйлап кетті. Сазанбай батырдың осы аңсауының Александр жиһангердің өсиетінен несі кем?!                                                                         Сазанбай бабамыздың батыр атағы жастайынан шыққан. Ол жоңғар шапқыншылығында ерекше қайрат көрсеткен аға батырлардың бірі. Батыр болғанда жеке батыр болған. Ол заманда алыстан мал алып барымталау да батырлықтың бір түрі болған. Түстікке мал алуға аттанған жеті батырдың елге аман-есен қайтқаны Сазанбай бабамыз бен Орынбай дейді. Басынан өткен не бір шайқас, жеңіс пен жеңілісті саралап, неге әр кез қазақ жағы жоңғарлармен шайқаста жеңіліс табады деген ойға келіп бір шешім табады. Ол ойы қусан жауға жетіп алатын, қашсаң жаудан құтылып кететін жүйрік, белді, міністі аттардың жоқтығына сайады. Осындай ойдың түйінін шешу үшін бабамыз халқын жинап, өз ойын ортаға салады. Ташкенде Бегдербек деген бекте текежәуміт тұлпар бар – Көкжайдақ, соны барып алу керек, елдегі биелерге үйірге салып, содан тұқым алу керек деп, жанына жас батыр Орынбайды алып Ташкенге аттанады. Күндердің күнінде Көкжайдақ тұлпармен бабамыз еліне келеді. Жылқыдан іріктеп он бес байтал мен биені Көкжайдақтың үйіріне салады. Өзі басы-көз болып бақтырып, қақтырып он бес биені буаз болғанына көзі жетіп, құлындайтын күндерін тосады. Алайда он бес биенің біреуі де құлындай алмай өледі. Ақыры біреуінің ішін жарып, құлынын алып шығады да, еміздікпен асырайды. Бір жылғы еңбегі босқа кеткен соң, ойланып,жоқ расында арқаның биелері Көкжайдақтан құлын таба алмайды екен. Көкжайдақтың үйіріндегі өз биесін әкелу керек деп қайтадан Орынбайды ертіп Ташкенге биесін әкелуге аттанады.                                  Бегдербекте Көкжайдақты мінуге емес үйірге салуға әкеліп, тума жылқысы болып қалған екен. Қазақы биелер Көкжайдақтан құлын таба алмайды, айғырды алған адам, биеге де келеді деп халқына жарлық айтып, бөтен кісі көрсеңдер ұстаңдар дейді. Бір жансыздың айтумен бөтен екі адамды ұстатады, ол бабамыз Сазанбай мен Орынбай болып шығады. Көп тергеп қинағаннан бабамыз Көкжайдақты алған мен деп мойнына алады.Сарттар жиналып ақылдаса келе бұларды зынданға салу керек, біреуі еліне барып, Көкжайдақты алып келсін, оған дейін екіншісі зынданда отыруы керек деп шешеді. Елге барып келушіге 30 күн мұрсат береді. Елге Орынбай қайтатын болып, Сазанбай бабамыз Бегдербектен інісімен қоштасуға ұлықсат сұрап, оңашаланған жерде Орынбайға айтыпты: Таңайдың бір қатыны мендей ұл табар Көкжайдақтай айғыр табылмайды, айырылмасын деп Орынбаймен қоштасыпты.                                                                                       Халқының болашағын ойлап өз өмірін жан пида еткен бабамызды батыр деп қалай айта алмайсың кейбір керауыздар ойнаған болып кекетіп не айтып, не қойғанының байыбына бармай ‹‹Сазанбай еттен өлген›› дейді. Мың-мыңдаған жылқысы бар бабамыз сойыс малы жоқ болып барған жоқ шығар ондай шараға. Ол халқының жаугершілік заманда ат қылып мінетін жүйрік, төзімді аттары болса екен деп сол жолда өз өмірін қиды. Сазанбай бабамызды құтқарам деп інісі Кешубай жай адам болып Ташкеннің қақпасына барып, ел қатарлы тұра берді. Бір өзбек әйелімен танысып қамауда отырған ағасына ас-суын жеткізіп тұрады. Ағасы үшін басын  қауіп-қатерге тігіп, ағасының өмірінің санаулы күндерінде, артына інісі бар екенін білдіріп, оның бастаған істерін жалғасыратын – біз бармыз деп емеурін білдіріп, сырттай болса да демеу болып, Сазанбай бабамыздың тар қапаста рухын асқақтатып күш-жігерін жасытпаған – Кешубайдай інісін кім батыр демейді?! Қазіргі заманда, қоғамда осындай мәрттік кімнің қолынан келеді – жоқ келмейді.                                                                                                                Кешубай бабамыздың өз заманының ардақ тұтатын, асқақтататын тұлға екенін біздің санамызда сынадай ұялатады. Қасиетті де, қасіретті де бабалармыздың әруағы қолдасын ұрпақтарын. Ақын Жәкен Байтуов әкеміз Сазанбай бабамызға арнап ‹‹Көкжайдақ›› атты дастан жазған7

Мақала авторы: Олжатай Қазанғапов.

Сазанбай
Tagged on: