Түркменстан  Республикасында дүниеге келген.Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алғашқы басшысы (1970-1979 ж.)  Спорт мектебі  1970 жылы 1 қыркүйекте ашылды. Мырзағали Түркменстан Республикасының астанасы Ашхабат қаласында дене тәрбиесі және спорт техникумын бітірген. 1960 жылдары Форт-Шевченко қаласына қоныс аударып, спорт комитетінде, білім беру бөлімінде спорт жөніндегі әдіскер қызметтерін атқарды. Аудан спортын көтеруге атсалысқан бірінші спорт маманы. Түркменстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағын қорғаған. 1999 жылы қайтыс болды.

Мырзағали
Tagged on: