Боранқұлов Қожағали ұрпақтары Шежіреге дұрыс енгізілмеген. Қожағалидің балалары: Құрмаш пен Құби. Құрмаштан 5 бала тарайды: Батырбек, Асқар, Қуантай, Болат, Исатай. Құбидан: Әлібек, Қазбек, Әділбек. Әлібектен: Қайрат. Қазбектен: Найб, Нұргиса, Тойлыбай, Ерасыл. Әділбектен: Қуаныш, Дінмұхамед. Қожағали атамыз 1914 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері, 1960 жылдары Ақтау қаласына қоныс аударып, сол қалада есепші мамандығында жұмыс жасап, зейнетке шыққан. Менің есімім Әділбек, Қожағалидің кенже немересімін, атамын қолында өскенмін. Егерде біздің осындай туысқандарымыз болса, атам маған айтып, жазып кетер еді. Әділет Имаш (910474533) (Adik992@mail.ru) деген азамат енгізген екен. Бірақ бұл деректер дұрыс емес. Бұл кісі көрсетіп отырған бірде-бір адамды танымаймын. Сондықтан Шежіреде өзгертулер істеу үшін маған рұқсат беруіңізді сұраймын. Әділет Имаш қандай деректерден алып енгізген, дұрыс енгізбеген деректерін алып тастауын талап етуіңізді сұраймын. Әділет Имаш деген азаматтың жеке поштасынада жаздым, бірақ ешқандай хабар жоқ. Шеркеш ата ұрпақтарының «Шеркешнама» деген кітабы бар, авторы Пернебай ағамыз жазған, сол кітаптан іздеп қарасын аталарын. Жақында https://tumalas.kz/ сайтына кіріп, аталарымды тауып қуанып қалған едім. Бірақ Қожағали атама келгенде осындай қате тауып алдым. Өзімнің әкемді, балаларымды, тумаластарымды салайын десем ештеңе істей алмай отырмын. Сондықтан https://tumalas.kz/ сайтының модернаторлары осы сұрағымды шешіп берсеңдер жақсы болар еді. Басынан қате кетесе ол ары қарай қалай болмақ. Болашақта балаларымыз қателеспегені абзал.

Қожағали
Tagged on: