Зайыр Сәдібекұлы 1930 жылы сәуір айының 15-жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратас (кәзіргі Қазығұрт) ауданы Қаржан тауының етегінде,Қаржан өзенінің бойында орналасқан \”Қайшылы\” ауылында дүниеге келген. Ол жоғары төменгі деп аталатын іргелес жатқан ауыл, Кеңес одағы кезінде \” Январь\” және \”Алтын-төбе\” деген екі колхозға бөлінген, Зайыр Сәдібеков соның \”9-январь\” колхозынан болған және \”Сембі\” ауыл кеңесіне қарасты Чкалов(қазіргі Өнер Байымбетұлы Жамалов) атындағы орталау мектепте оқыған, Сол мектепте оқып жүргенде 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып,1943 жылдан бастап өзі секілді жастармен бірге ересек колхозшыларға қосылып жұмыс істеуге көшеді, Нәтижесінде \”1941-1945 Ұлы отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін\” деген медальмен марапатталады.
Зайыр Сәдібекұлы 1945 жылы 7 сыныпты бітірген соң қатардағы қатардағы колхозшы,ал 1947-1948 жылы жылқышы болып істеген,
1948-1952 жылдары Қапланбек зоотехникалық-малдәрігерлік техникумында оқып, орта буынды зоотехник мамандығын алып шығады,
1952-1954 жылдары жолдама арқылы барып Алматы облысы Кеген(Қазіргі Райымбек) ауданында номері 337 \”Южный\” ет-сүт совхозында өз мамандығы бойынша қызмет атқарған,
1954-1955 жылдары Оңтүстік Қазақстандағы \”Күйік\” кой совхозында ферма зотехнигі және артынан \”Қаржан\” колхозында зоотехник қызметін атқарған,
1955-1960 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институнда оқып, оқымысты зоотехник мамандығын алып шығады,
1960-1963 жылдары жолдама арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданыдағы ауыл шаруашылық инспекциясында оның артынша Сайрам ауданындағы аймақтық ауылшаруашылық басқармасында бас зоотехник қызметін атқарған,
1963-1969 жылдары Ленгер (қазіргі Төлеби) ауданы \”Қазығұрт\” совхозында бас зоотехник болып істеген,
1969-1974 жылдары Түлкібас ауданы ауылшаруашылық басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған,
Одан кейінгі уақыттарда Қызылқұм (Қазіргі Отырар) ауданы \” Темір\” Қаракөл қой совзозы мен Алғабас (кәзіргі Бәйдібек) ауданындағы \”Прогресс\” совхозында он жылдай директор қызметін атқарған, Қаракөл қой шаруашылығы ғылыми өндірістік бірлестігінде бас директордың орынбасары,ғылыми зерттеу институтында директордың бірінші орынбасары болып жеті жыл қызмет атқарған, Және осы қызметте жүргенде 1994 жылы Республика дәрежесіндегі дербіс зейнеткер есебінде демалысқа шығады,
Зайыр Сәдібекұлы елу жылдай үзбей еңбек етіп, КСРО \” Құрмет белгісі\” ордені мен және бірнеше медалдарға ие болады, ,\’Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері\” деген құрметті атақ иегері және \” Республикаға сіңірген еңбегі үшін\” деген значок иегері,
\”Қазақ шежіресі\” \” Біз (Қазақ) Қас Сақпыз\” \”Шежіре шеңбері\” тағы да басқа кітаптар авторы және \”Елшібек ерен ер еді\” \”Шежіре халық қазынасы\” деген және тағы баска да мақалалардың авторы,
Оңтүстік Қазақстан шежіре қорының құрылтайшысы және сол қордың жетекшісіі қызметін атқарған,