Бақыт Нұрсұлтанов

         Бақыт 1934 жылы  Форт-Шевченко қаласында туған. Білімі жеті жылдық. С.М.Киров атындағы орта мектепте оқыған. 1956 жылдан бастап Қаратон мұнай кәсіпшілігінде еңбек жолын бастаған. Бұдан соң Жетібай кентіне қоныс аударып, ширек ғасырдай Жетібайда жұмысшыларды саудамен жабдықтау мекемесінде жүргізуші және экспедитор болып еңбек етті. Шалғайдағы мұнайшыларды азық-түлікпен, басқалай да заттармен қамтуда уақытпен санаспай еңбек етті.

         Ақ адал еңбегі елеусіз қалған жоқ. «Жетібайнефть» басқармасының Құрмет грамоталарымен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалымен марапаттауға ие болды. Ол 1995 жылы құрметті еңбек демалысына шықты. Бақыттың Қуанышбек, Нұрлан атты балалары да мұнай өндірісі саласында еңбек етуде.

         Бақыт та ескілікті ел шежіресін жақсы білетін айтулы ақсақал. Өз ортасының үлкен бәйтерегі.

 

Танымы терең, байламы берік Бақыт Нұрсұлтанов
Tagged on: