1956 жылы 26 тамызда Таушық кентінде туған Бисембай елге қима там салуымен атағы жайылған шебер. Бұл жолда ол талай шәкірттерді тәрбиелеген тәлімгер-ұстаз. Ол республикамыздың бірқатар жерінде күмбезді тамдар салуға атсалысып көпті сүйсіндірді. Семей өңіріндегі Абай, Шәкәрімнің мавзолейлерінің бас шебері болды. Семей қаласындағы Тоқтамыс батырдың, Домалақ ананың, Маңғыстаудағы Қаратөбе жеріндегі Абыл ақын мен Досан батырдың күмбезді тамдарын салды. Ұйымдастырушысы Сайын Назарбеков.Аталған кесенелерді салу кезінде қасында інілері Мұратбек,Жасанғали,Асылбек,Кенжебектер болды.Бисембай өзі басқарып жүріп салдырған сағана қима тамдарының саны жүзден асып жығылады.
Сондай-ақ Бисембай ер-тұрман әбзелдерін жасаумен, ағаш шеберлігімен де айналысады. Сурет өнерімен де шұғылданады. Түрлі көлемді плакаттық суреттерімен де белгілі. Мектепті бітірісімен армияға алынып, 1974-1976 жылдары Отан алдындағы борышын өтеп келгесін,Маңғыстау мұнайгазбарлау экспедициясына қарасты Өндірістікжөндеу цехына токарь болып жұмысқа тұрады,Қазір Қаламқас мұнай-кен орнында токарьлық мамандықта 40 жылға жуық еңбек етіп келе жатырған өз ісінің майталман шебері.
Бисембай Құрық кентінде тұратын ел алдында беделді де биік тұлғалы абзал азматтардың бірі.