Сәмет Тиген топырағының түлегі. Мектепте білім алғаннан кейін еңбекке араласқан да, 1942 жылы ағасы Асауов Сәбижан екеуі майданға бірге аттанған.

         Алғашында Сталинград майданында, соғыстың соңғы жылдарында Қиыр Шығыстағы Жапон милитаристеріне қарсы ұрыстарға қатысқан. 1947 жылы елге оралып, ұзақ жылдар бойы Форт-Шевченко қаласындағы автотранспорт кәсіпорнында жүргізуші, диспетчер, есепші қызметтерін атқарды. Алпысыншы  жылдары Құрық кентіне қоныс аударып, Маңғыстау мұнай-газ барлау экспедициясында қойма меңгерушісі қызметін атқарып, зейнеткерлікке шықты. Ұлы Отан соғысы кезінде ерлігі үшін бірнеше орден, медальдармен марапатталған.

         Сәмет өнерге жақын, күй шертіп, ән салған, жыр жырлаған. Күйші, композитор Мұрат Өскінбаевтың жақын серігі болды.

Сабытаев Сәмет
Tagged on: