НазаБитаков Исмақ Меңдіғалиұлы ( Битақ)  1925 жылы 15 тамызда (Батыс Қазақстан облысы, Сайқын ауданында) туған.Руы-Ноғай-Қостаңбалы.Ұлы Отан соғысына 1943 жылы Қазақ КСР-нің Алматы облысы, Дзержинский ауданында орналасқан 621- ші миномёттік полкіне қызыл әскер қатарына шақырылды.

   Алматы облысында, қызыл әскердің артиллерия құрамында «байланысшы» мамандығында арнайы дайындықтан өткеннен кейін, 1944 жылы 621- ші миномёттік полкімен Кеңес Одағының батыс майдан шебіне (Карелия фронты) жіберілді. Карелия фронтында қызыл әскер артиллериясының миномёттік батареясында телефонист- связист лауазымында Отан алдындағы борышын өтеді. Жаудың қоршауында қалғанда, бірнеше рет үзілген байланысты қайта орнатып, дивизионына үлкен көмегін тигізіп, ерлігімен көзге түсті. 1944 жылы КСРО Жоғары Кеңесінің бұйрығымен майдан шебінде осы батылдығы үшін «За отвагу» медалімен марапатталды.

1945 ж. мамырда Еуропада соғыс аяқталғанымен Қиыр Шығыс пен Тынық мұхитта Жапония антифашистік коалицияға қарсы соғысты әрі қарай жүргізе берді. Қиыр Шығыстағы өз ықпалын күшейту үшін Кеңес үкіметі 1945 ж. 8 тамызда Жапонияға соғыс жариялады.

 Битаков Исмақ , 1945 жылы Кеңес Одағының батысындағы Карелияны фашистік Германиядан азат еткеннен кейін, 621- ші миномёттік полкімен бірге қиыр шығыстағы Кеңес Одағының Сахалин және Курил аралдарын Жапон империялисттерінен тазартуға соғысқа қатысты. Сонымен қатар, ардагер Битаков Исмақ атақты 621- ші миномёттік полк қатарында  Кореяны Жапониядан азат етуге қатысты.   

 7 жыл соғыста болып, 1950 жылы елге оралған. Соғыста 7 жыл «байланысшы» жұмысына әбден машықтанған соң, бұрынғы Ақмола, қазіргі еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында телефонист, связист оқуын тәмамдаған. Арнайы училищеден білім алып келіп, үйленіп, туған жерінде  почтада байланысшы, жергілікті ауылдық кеңесте бас есепші қызметтерін атқарды. 1956-1958 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Сайхын ауданында ауылдық округ атынан депутат болып сайланып, жұмыс атқарды. 1960 жылдары жұмыс барысымен қазіргі Атырау облысы , Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылына көшіп барды. Аяпова Фазила әжемізбен отау құрғаннан кейін, шаңырақта атамыздың ізін жалғайтын үш ұл және үш қыз дүниеге келді. 1968 жылы атамыз сырқаттанып, 1968 жылдың 25 мамырында бұл дүниемен мәңгіге қоштасты.

Сонымен қатар қосымша деректерді ұрпақтары, Битаков  Исмақтың  Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасқа қатысқаны туралы деректермен мағлұматтар Ресей Федерациясы, Южно- Сахалинск қаласындағы, Ұлы Отан соғысындағы Жапон соғысына қатысқан Қызыл Әскер сарбаздармен офицерлерге арналған, жалпы тарих тұңғиығына бататын, үлкен мемориалды мұражайына енгізілді.

 

Медальдары: 

• Германияны жеңгені үшін;

• Жапонияны жеңгені үшін;

• Кореяны азат еткені үшін;

• Карелияны азат еткені үшін;

• Ерлігі үшін;

• Жеңістің 20-жылдығы;р аударыныңыз, Исмақ туралы мақала енгізудесіз

Исмақ
Tagged on: