ӘШІРБАЙ ИСАБАЙҰЛЫ

    

  Әшірбай Исабайұлы 1924ж ол кезде Шымкент ауданы Коганович дейтін Қайнарбұлақ елді-мекенінде дүниеге келген. Ауылда төрт жылдық мектепті бітіргеннен кейін жастайынан ауылдағы еңбек жұмыстарына араласып кетті. Тұрмыстық жағдайлардың ауыртпалығынан ерте есейген. Атамыз 1941-1945 жылғы соғысқа небәрі 17 жасында барған. Соғыста атамыз бірнеше мәрте  жеңіл жарақаттар алған. Жарақаты жазылған  майдан даласына қайта кіріп отырған 1945ж жанбасынан орта жарақат алған күйі елге аман есен қайта оралған. Елге оралған соң Арзан апамен шаңырақ құрады.Ол кісі 1962 жылыдан партия мүшесі,2005 жылы Сайрам ауданының құрметті азаматы деген атақ алған. Және әр жылы 9 майда елбасымыздың қолы қойылған марапаттау қағазын алып отырған.

Әшірбай атадан: Ілияс,Көпбай,Жүрсін,Әли,Нұрлыбек деген ұлдар Меруерт,Керемет,Қарашаш,Алма,деген қыздар тарайды

 

Әшірбай
Tagged on: