ОРЫНБАЙ ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ

    

  Дуйсенбаев Орынбай 11.12.1923 жылы бұрынғы Арыс ауданы “Когонович” колхозы кәзіргі Қайнарбұлақ елді мекенінде дүниеге келген. Әкеден ерте қалып анасы Ақшакүлдің қолында есейіп ер жеткен.Соғыс басталғанда соғысқа алғашқылардың бірі болып аттанған.Атамыз қыста бір қырғын ұрыс кезінде жараланып ес түссіз орманда жатып қалған екен.Кейін оны партизандар тауып әкелгенде аяғы үсіп қалған екен сіресіп қалған етікті кесіп шешіп жатқанда он саусағы қатты үсігендіктен түсіп қалған екен сөйтіп ол сол госпиталдан тіке елге қайтарылыпты. 

    Шымкент қаласындағы ауыл шаруашылық мектебін “Кіші Аграном” мамандығы бойынша бітіріп шығады. Өз мамандығы бойынша жұмыс істеп көтеріліп ірі совхоздарда совхоз директоры қызметіне дейін көтерілген. Және аудандық партия мүшесінде де жұмыс істеп партия мүшесі болған өзінің адалдығымен барлық жұмыстарда көзге түсіп отырған. Ол кісі  Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сағынбек Юсуповпен қарым қатынасы жақсы болған екен. Сондықтан 1967 жылы болған шофёрларлардың құқық қорғау орындарына шабуылы кезінде қолынан келген көмегін аямапты. Сағынбек Қайшылының Сырлыбай атасының Қалы тармағынан болған.Орынбай інісі біздің атамыз Жаңабаев Құрасбек шымкенттегі автопарктің бірінде жүргізуші”шофёр”болып істеген екен,сол кезде інісіне және оның қасындағыларға ереуілшілерге қосылмауын айтқан екен.

Орынбай атадан: Қалабай,Балабай,Бейсенбай деген ұлдар және Гүлдана,Үрдана деген қыздар тарайды.

                  

Орынбай
Tagged on: