ЕРҚОСАЙ. ӘРІПБАЙҰЛЫ(1949-2000)
Әріпбаев Ерқосай 1949жылы Қайнарбұлақ елді мекенінде туылған. Ол осы жердегі мектепте үшінші сыныпқа дейін оқиды. Бұдан соң төртінші сыныптан бастап “Задарья” совхозында Сайрам ауданына қарасты мектеп-интернатта білім алады. 1965-1969жылдары Сарыағаштағы “Қапланбек” зоотехникалық техникумының малдәрігерлік факультетіне түсіп, оны үздік бітіріп шығады. 1973-1980жылдар аралығында Москвадағы К.И.Скрябин атындағы “Қызыл ту еңбек ордені” атындағы малдәрігерлік академиясына түсіп бітіріп шығады. Партия мүшелігіне кіргенсоң Қайнарбұлақ,Задарья,Қызыл-Әскер.Советский елді мекендерінде өз мамандығы бойынша бас малдәрігері және совхоз орталықтарында зоотехник,фермабасы,бас маман(Главный специалисть) қызметтерін атқарды. Ерқосай бас маман қызметінде жүргенде белсенділігі және ұйымдастыру қабілеті үшін жоғарыдан бірнеше марапаттар алған. Қайнарбұлақ өзенінен баяғы нағашы ағасы Күзембай бастап салған арықты қазуды қайта қолға алуға мұрындық болады.Ауыл адамдарына осы арық бойында суғармалы жерлерді көбейтіп халыққа егін егуге берілетінін айтып халықты ұйымдастырып арықты одан әрі ұзартып қаздырған болатын. Сөйтіп кейін ауыл халқына уақытша болсада учаске учаске етіп бөліп берген болатын.
Ол 2000жылы жазда кейінгі кезде өзі жиі ауырып жүрген қан қысымынан қайтыс болды.Ол жұмысқа жан тәнімен адал берілген адам болды. Дәрігерлердің кезекті қан қысымына ұшыраған кездегі бұдан былай режим сақтап жүру керек деген кеңесіне қарамастан ол есін жия сала жұмыста жүретін болған.
Ерқосайдың жұбайы Райбекова Қыздархан Қоңыраттың Құлшығаш руынан. Ол кісі де жоғары білімді педагог және партия қатарында болған адам. Көптеген мектептерде өз пәні бойынша адал қызмет атқара жүріп, Балабақша меңгерушісі, Парторг, Тәрбие ісінің меңгеруші (Завуч) қызметіне дейін көтерілген. Үкіметтен адал еңбегі мен ұйымдастырушылық қабілеті үшін бірненеше марапаттау қағазын алған. Кәзіргі күнде ол кісі құрметті пенсиядағы адам. Ерқосай мен оның жұбайынан үш ұл бір қыз тарайды олар; Данияр,Қуандық, Бақтияр және бір қыздары Ақерке.
ЕРҚОСАЙҒА
Күмән көңіл торлағанда күдікті ой
сейілтетін шам-шырағың үміт қой.
Сары уайым сансыз ойды сілкілеп
керегесін қара түннің түріп қой
Сонда қайрат тал бойыңнан табылсын
сабыр,төзім болса қайғы неғылсын
Өр табиғат жеткереді бәрінде
Азаматтық қасиетің сын сағатта танылсын
Кей-кейде мен табиғатқа таңқалам
ол-мәңгілік-даму жолын таңдаған
О,адамдар Бөлшегіміз ғаламның
ағып өтер \”өмір\”атты арнадан
Өмір өзен асып таси бастайтын
шалқыса да айдынынан аспаймын
Мінезі бар көктем сынды құбылған
қаһарланса жағаға атып тастайтын
Уақыт сыншы бір орнында тұрмайды
өтті күндер елесі қол бұлғайды
Тіршілікте толқын қуып толқынды
өмір осы дәйім алға зырлайды
Бұл ғаламда мен де зырлап келемін
несібемді маңдай термен теремін
Табиғаттың бір бөлшегі болған соң
шыбық сынды бар ау тегі керегім
Түйір дәндей керек болсам ғаламға
үлкен бақыт нұр құйылған мағанда
Жылы сөздің жарымы ырыс болғанда
дари берсін жақсы тілек адамға
15.04.1999. Жұрынтай Әбілдаұлы