Андақожа атасы: Таласбай,Жарасбай,Қарымсақ деген кіші аталардан тұрады.
Қарымсақ ата бақуатты,беделді ел ішіндегі дау дамайды шеше білгетін турашыл кісі болған екен. Соның бірінде Үсіктастық Қайшылы ішіндегі Қалымбет деген кісі рулас бір жесір қалған келіншекке қөзі түсіп басы дауға қалады. Осы жағдайды ушықтырмас үшін Қалымбетпен жақсы таныс Қарымсақ бабамыз ол келіншектің де Қалымбетте ойы бар екенін ескере отырып, екеуін де өз әулетімен бірге ертіп, Қайнарбұлақ өзенінің төменгі ағысына келіп қоныстанған екен. Кейін ол жер Қарымсақ қыстағы атанады. Ол мұнда Пошан датқамен бірігіп диірмен салдырған және одан түскен пайданы екеуі бөлісіп отыратын болған. Қарымсақтың турашылдығын бағалаған Пошан датқа ел ішіндегі дау дамайды екеуі бірлесіп шешіп отырған екен.
Бұрын қазақтар көшпелі болған кезде қыста қыстауға жазда жайлауға көшіп қоныс ауыстыру қалыпты жағдай болған, және ондай көшулерге жау шапқан кездер де себеп болып отырған.Бірақ олар соңынан өз мекендерін қайтарып алып,қайта оралып отырған. Сіргелі Қайшылылар Үсіктас,Байжансай,Тоқсансай Қайнарбұлақ, Шұбарсу, Қаржантау аймақтарын жазда жайлау қыста қыстау етіп көшіп қонып жүрген. Қайшылы Қалымбет және Андақожа Қайшылы Қарымсақ әулеттерінің ата қонысы Үсіктастан Қайнарбұлақ өңіріне қоныс аударуының өзіндік себебі болған оған Үсіктастық Қайшылының бірі Калымбеттің өз жұртындағы жесір келіншекке үйленбек ниеті себеп болған. Осы себепті үлкен дау туындап Қалымбет қиын жағдайға тап болады, ал атамыз Қарымсақ Қалымбетпен көрші тұрған және онымен жақсы қарым қатынаста болған. Сондықтан ол жағдайды ушықтырмас үшін Қалымбетті келіншекпен қоса және өз әулетін ертіп Қайнарбұлақ өзенінің жағасына келіп қоныстанған. Қарымсақ қайшылы ішіндегі Андақожа атасынан болатын сондықтан оның және онымен келген ағасы Таласбайдың,Жарасбайдың ұрпақтары Қайнарбұлақтағы Андақожалы Қайшылылар деп аталады.Қарымсақтың ағалары Таласбайдың балдары; Дүйсенбай.Жарасбайдың балдары:Сырымбай,Темірбай. Қарымсақтың балдары; Исабай, Әріпбай, Серікбай, Жаңабай.
Таласбай Төлекұлынан жалғыз ұл Дүйсенбай тарайды
Дүйсенбай Таласбайұлынан; жалғыз бала Орынбай.Бірақта кәзіргі күнде Орынбай кісіден Қайнарбұлақ елді мекенінде Таласбай әулеті өрбіп өсіп отыр. Дүйсенбайұлы Орынбай совхоздарда “аграном ””директор”қызметтерін атқарған екен.
ЖАРАСБАЙ ТӨЛЕКҰЛЫ
Жарасбайдан- Сырымбай Темірбай деген ұл тарайды
Сырымбай Жарасбайұлынан; Әлімбай, деген ұл және Тұрсын,Құрал деген қыздар тараған. Баласы Әлімбай Темірлан елді мекенінде бас есепші болған. Қыздары “Бөріжар”,“Ұялыжар” елді-мекендеріне ұзатылып,ұрпақтары сонда өсіп жатыр
Темірбай Жарасбайұлынан әмеңгерлікпен алған Ақшакүл апамыз екеуінің Ұлған, Ұлпан.деген қыздар тарап ордабасы ауданына қарасты “Ұялыжар” елді-мекеніне тұрмысқа шығып, сонда өсіп өнген
ҚАРЫМСАҚ ТӨЛЕКҰЛЫ
Қарымсақ бақуатты,турашылдығымен сөзі өтімді кісі болған. Ол Қайнарбұлақ өзенінің төменгі жағына қыстайтын болған сондықтан ол жер Қарымсақ қыстағы деп аталып кеткен. Ол Пошан датқамен қосылып Қайнарбұлақ өзенінің бойына диірмен салған,ол кейін Пошан датқа диірмені деп аталған. Қарымсақтың жұбайы оның баласы Исабай екі жасқа келгенде дүниеден озады.Кейін Қарымсақ бабамыз Тәжі апамызға үйленеді ол Тутаңбалы руынан еді.Тәжі апамыздың дәрілік шөптермен ем-дом жасайтын өнері болған екен..Қарымсақ атамыз дүниеден қайтқан жылы күн аптап ыстық болған екен сонда Қарымсақ қыстағына жақын маңайда далада өрт шығыпты ал қыстақта біздің елеулі астық егісі болған екен, сонда Тәжі апамыз мойнына тәспісін салып өртің алдынан дұғасын оқып шыққанда өрт екіге бөлініп Қарымсақ қыстағын айналып өткен екен. Қарымсақ бабамыздың бірінші жұбайынан Исабай ал екінші жұбайыТәжі апамыздан; Әріпбай,Серікбай,Жаңабай,Күләй деген ұрпақтар тарайды.
ИСАБАЙ ҚАРЫМСАҚҰЛЫ
Исабай Қарымсақ бабамыздың үлкен ұлы атамыз момын, сабырлы және байыпты келген кісі болған екен.Ол кісі анасынан ерте айрылған кезде әкесі Қарымсақтың кейнгі жұбайы Тәжі апамыздың қамқорлығына өтеді. Қарымсақ атамыз қайтыс болған соң Тәжі апамыз есейген баласы Исабайды Зейне атты қызға үйлендіреді.Зейне апамыз шаруаға бейім ұғымтал келін болып шығады.Тәжі әжемізден үй шаруасын түгелдей өзіне алып,енесіңің де әулеттің де алғысын алған екен. Үлкен кісілердің айтуы бойынша ол кісі қан қысымынан қайтыс болған екен. Колхоздастыру кезінде бұрынғы отырған Қарымсақ қыстаққа барып қайтпақшы болады. Ағасының қыстақтан кешігіп жатқанынан сезіктенген інісі Әріпбай артынан іздеп барса жүзін құбылаға бұрып алдына жаюлы беторамалға басын тигізген күйі жантәсілім етіпті. 17.18жасар бозбала өлімді алғашқы көруі болса да бар есін күшін жинап ағасының атын жетекке алып, өз мінген атында ағасын алдына құшақтап алып келе өкіре құлаған дейді. Исабай атамыз бен Зейне апамыздың жалғыз ұлы Әшірбай атадан кәзіргі күні бірталай ұрпақтары өсіп өніп отырған жайы бар ол жайлы әлі төменде айтатын боламыз
ӘРІПБАЙ ҚАРЫМСАҚҰЛЫ
Әріпбай атамыз бәрі Ағаларының өлімінен естерін жия алмай қалғанда үйдің үлкені ретінде атамыз Исабай баласы яғни інісі Әшірбайға інілері Серікбай Жаңабай жесір қалған Зейне жеңгесіне Тәжі әжемізді медеу тұтып қамқор болған екен.
Бірер жыл өткен соң Әріпбай атамыз Құлбайымбеттің руының қызы Мейіркүлге үйленеді. Әріпбай атамыз жас кезінен еті тірі және өз уақытысында жауырыны жерге тимеген балуан шымыр болып өсіпті.Той томалақтардағы күрестерде бәйгені ешкімге бермепті, көкпар шабуда да алдына жан салмайтын болған екен. Совет үкіметінің қылышынан қан тамып тұрған жылдары Хрущевтің тұсында ауылдағы тұрғындарға 5 қой 1 сиырдан артық мал ұстауға болмайды деген заңына қарамай. Жақсы көкпар шабатын атын тығып ұстап баққан екен. Ал қырғи, қаршыға деген құстарды бір бөлмеде ұстап баққанын ұлдары Қостанай, Ерқосай айтып әңгімелеп отыратын.Әсіресе 1922 ашаршылық жылдары елдегі байларды қудалап, кейбір жазықсыз адамдарды ашықтан ашық жала жабылып атылып кетіп немесе сотталып сібірге айдалып кетіп жатқан кезі болған. Сол кезде Әріпбайдың қайынағасы Күзенбай Асылбеков Алматыда военный училищені бітіріп келіп Шымкентте НКВД-да түрме басшысы болып істтеп жүрген жерінен осы жазықсыз жала жабылып сотталып атылып жатқандарға ара түсіп сөйлегені үшін ғана сотталып сібірге айдалған екен.Содан Әріпбай кісі қамқорлығындағы үлкен жанұяға жалғыз қалған енесі Қойлық апаны да алып келіп қараған екен.Артық нәрсе болса тартып алатын ашаршылық кезінде өңірге емшілік қызметімен аты танылған Тәжі апамыздың абыройы да біршама қорғаныш болған екен. Әріпбай атамыз егіндеріне түскен өнімін, сүрлерін.тіміскілеген жендеттерден қорғау үшін қарт Тәжі апамыздың төсегінің астынан ұра қазып сонда жасырған екен. Түн болғанда төсектің астындағы дәндерді талқандап сүрлерімен қосып шала-құла пісіріп беріп жүрек жалғатып айналада аштық болып тұрған заманда өз қамқорлығындағы жандарды аман алып шыққан екен.
Қазақ халқы қашанда мейірімді кең пейілімен елге келген қаншама өзге ұлт өкілдерін әлпештеп,ауруларын емдеп,сауларын үйді үйге бөліп алып,асырады.Сол келгендерден Әріпбай атамыздың еншісіне ағайынды Қаріп, Шәріп деген қісілер түседі. Әріпбай әулетіндегі іске жарайтын інілерін ұйымдастырып бастарына баспана соғып береді де,өзінің екі ешкісінің бірін сауып ішуге Қаріптің есігінің алдына байлап кетеді. Осы көрсеткен қамқорлықтарының құрметіне Шәріп бір баласының атын Әріпбай атамыздың есімімен -Әріпбай деп қояды
Қайынағасы Күзенбай колхоздастыру кезеңдерінде сібірден аман есен жазасын өтеп келген болатын. Және ол жоғарыдан осы жерге уәкіл болып колхоздасыру жұмысына атсалыса бастайды. Ол ауылдың толық сумен қамтылуға ынғайлы болу үшін Қайнарбұлақ өзенінен канал қаздыруды бастайды. Ал колхозды сол канал бойымен Пошан датқа диірменінің тұсына орналастыруды жобалайды.Бұл жобаны қолдамаған сол кездегі атқамінерлер бұл адам “халық жауы” колхоздастыру жұмысына кедергі келтіріп жатыр деп екі үш адам қол қойып жоғарыға шағымданып соттатып жібереді. Күзембай кісі Қостанай қаласында қамақта жатқанда Әріпбай мен қарындасы Мейіркүлдін тұңғыш ұлы дүниеге келеді Күзембай кісінің айтуы бойынша баласының есімін Қостанай қаласының атымен Қостанай деп қойған екен.Әріпбайдың өз кіндігінен төрт ұл және екі қыз тараған. Олар Қостанай,Ерқосай,Досай,Сапарбай деген ұлдар және Райза Ақжолтай деген қыздар. Сонымен қатар қайынағасының қызы Айшолпанды да өз қызы етіп асырап алған екен.
Әулет шежіресін көзі тірі әулет үлкендерінен жинастырғанда Әріпбай қызы Ақжолтай әпкенің естіген әңгімелері мен деректері көп пайдасын тигізді. Ол кісі жоғары білімді талай жыл облыс орталығындағы мектептерде ұстаздық қызмет атқарған.Сондықтан үлкендерден әсіресе Күләй апасынан(ол кісі де көзі ашық адам болған екен)естіп білгендерін әрқашан қағазға түртіп жүрген екен.
Сонымен қатар Әріпбай жалғыз қарындасы Күләйдің ұлы Орынтайды да әкесі бай(кулак) болып ұсталып кеткен соң өз қамқорлығына алған екен. Әріпбай кісі көкпар, күрес, саятшы өнерінен басқа темір ұстасы және етік,мәсі тігетін де қолөнершілігі бар болған.Колхозда ұсталық жұмыстары осы кісіге байланысты болғандықтан соғыс уақытында басшылықтың ұйғарымымен тылдың белсенді жұмысшысы болып елде қалған екен.. Ал соңынан ерген Дүйсенбай ағасының ұлы Орынбай, Йсабай ағасының ұлы Әшірбай және Жаңабай соғысқа алынады.
СЕРІКБАЙ ҚАРЫМСАҚҰЛЫ
Серікбай атамызды болса. соғыс кезінде орманнан ағаш кесу жұмысына және темір жолдағы тыл жұмыстарына деп сібірге алып кетеді. Соғыстан кейін ол кісі темір жол жұмыстарында жүріп техникадан хабардар болып келгенсоң колхозға алғаш келген тракторға жүргізуші етіп бекітеді.Ол айдаған трактордың аты “Пармол”деп аталған екен.Ол кәзір музейлер алдында тұратын доңғалағы темірден жасалған трактор.Ол кісі колхозда техниканы алғашқы меңгеруші ретінде және елге сіңірген еңбектерінің арқасында түрлі марапаттарға ие болған. Атамыз Серікбай және жұбайы Сайрам апамыздан; Төлбасы,Пердалы,Ердалы,Бегалы,Кенжалы деген балдар және Әлипа деген қыз тарайды
ЖАҢАБАЙ ҚАРЫМСАҚҰЛЫ. . . (1910-1973)
Ал Жаңабай атамызда соғысқа Орынбай кісілермен қатар кетіп, соғыста екі мәрте жарақат алған. Бірінші жарақаты жеңілдеу болған ол жазыла сала өзі сұранып екінші мәрте қайта кеткен соғысқа кіріскеніне екі үш ай өткенде екінші мәрте ауыр жарақат алып бір аяғы илікпей қалған күйі елге қайтқан.Бірақ сонда да соғыстан кейін өзінің сауаттылығы және қайсар мінезінің арқасында колзозда мақта бригадирлігі жұмысын атқарған екен. Жаңабай атамыз бригадирлік жұмысын атқару кезінде жылдық жоспарды артығымен орындаганы үшін 1966-1967 жылдары түрлі марапаттарға ие болған “Еліне сіңірген еңбегі үшін” жұлдызымен марапаттталған.”Социалистік Қазақстан”,”Лениншіл жас”,”Еңбек туы” газеттерінде ол кісі жайлы мақалалар жариаланған.Ол кісі кезінде өкімет тарапынан ерен еңбегі үшін деп ұсынылған “Жигули” “Волга” автокөліктерін айдай алмаймын деп кері қайтарған екен. Жаңабай атамыз бірде таңда жұмысқа шығып атымен жүрген жерінен аты бірдеңеден үркіп құлаған кезде әлгі соғыста жараланып илікпей қалған аяғы үзеңгіден шықпай қалып,үріккен ат біраз жерге сүйреп әкеткен екен. Осыдан кейін ол әлденеше рет ауруханаларға түсіп, ақырында 1973 жылы қайтыс болады. Жаңабай атамыздың жеңгелей алған жұбайы Зейнеден:Құрасбек деген ұл, екінші жұбайы Зибадан:Таңсық,Ынтық деген ұлдар және Сапаркүл,Раушан,Несібелі,Гүлжан деген қыздар тарайды
ОРЫНБАЙ ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ
Дуйсенбаев Орынбай 11.12.1923 жылы бұрынғы Арыс ауданы “Когонович” колхозы кәзіргі Қайнарбұлақ елді мекенінде дүниеге келген. Әкеден ерте қалып анасы Ақшакүлдің қолында есейіп ер жеткен.Соғыс басталғанда соғысқа алғашқылардың бірі болып аттанған.Атамыз қыста бір қырғын ұрыс кезінде жараланып ес түссіз орманда жатып қалған екен.Кейін оны партизандар тауып әкелгенде аяғы үсіп қалған екен сіресіп қалған етікті кесіп шешіп жатқанда он саусағы қатты үсігендіктен түсіп қалған екен сөйтіп ол сол госпиталдан тіке елге қайтарылыпты.
Шымкент қаласындағы ауыл шаруашылық мектебін “Кіші Аграном” мамандығы бойынша бітіріп шығады. Өз мамандығы бойынша жұмыс істеп көтеріліп ірі совхоздарда совхоз директоры қызметіне дейін көтерілген. Және аудандық партия мүшесінде де жұмыс істеп партия мүшесі болған өзінің адалдығымен барлық жұмыстарда көзге түсіп отырған. Ол кісі Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сағынбек Юсуповпен қарым қатынасы жақсы болған екен. Сондықтан 1967 жылы болған шофёрларлардың құқық қорғау орындарына шабуылы кезінде қолынан келген көмегін аямапты. Сағынбек Қайшылының Сырлыбай атасының Қалы тармағынан болған.Орынбай інісі біздің атамыз Жаңабаев Құрасбек шымкенттегі автопарктің бірінде жүргізуші”шофёр”болып істеген екен,сол кезде інісіне және оның қасындағыларға ереуілшілерге қосылмауын айтқан екен.
Орынбай атадан: Қалабай,Балабай,Бейсенбай деген ұлдар және Гүлдана,Үрдана деген қыздар тарайды.
ӘЛІМБАЙ СЫРЫМБАЙҰЛЫ
Әлімбай Сырымбай баласы Жарасбай ұрпағы ол кісі “Темірлан” ұжымында яғни Қайнарбұлақ өзенінің Арыс өзеніне құяр жерде орналасқан елді-мекенде бас есепші болып қызмет атқарған. Ол кісіден Барқыт атты қыз қалған.
ӘШІРБАЙ ИСАБАЙҰЛЫ
Әшірбай Исабайұлы 1924ж ол кезде Шымкент ауданы Коганович дейтін Қайнарбұлақ елді-мекенінде дүниеге келген. Ауылда төрт жылдық мектепті бітіргеннен кейін жастайынан ауылдағы еңбек жұмыстарына араласып кетті. Тұрмыстық жағдайлардың ауыртпалығынан ерте есейген. Атамыз 1941-1945 жылғы соғысқа небәрі 17 жасында барған. Соғыста атамыз бірнеше мәрте жеңіл жарақаттар алған. Жарақаты жазылған майдан даласына қайта кіріп отырған 1945ж жанбасынан орта жарақат алған күйі елге аман есен қайта оралған. Елге оралған соң Арзан апамен шаңырақ құрады.Ол кісі 1962 жылыдан партия мүшесі,2005 жылы Сайрам ауданының құрметті азаматы деген атақ алған. Және әр жылы 9 майда елбасымыздың қолы қойылған марапаттау қағазын алып отырған.
Әшірбай атадан: Ілияс,Көпбай,Жүрсін,Әли,Нұрлыбек деген ұлдар Меруерт,Керемет,Қарашаш,Алма,деген қыздар тарайды
ҚОСТАНАЙ ӘРІПБАЙҰЛЫ(1932-1997)
Қостанай Әріпбайұлы 1932 жылы 9 мамырда Қайнарбұлақ елді мекенінде дүниеге келіп,1997жылы дүниеден өткен. Ол Қайнарбұлақ орта мектебінде үздік білім алып, Қызылорда қаласында педагогикалық институттың химия-биология түсіп.оны үздік аяқтап шығады.Алғашқы еңбек жолын ұстаздық етуден бастап,өмірінің соңына дейін сол жұмысты абыроймен атқарған.Ол кісі жоғарғы білімді,үлгілі ұстаз биология-химия пәнінің маманы болатын.Өнерлі ұстаз бір ағашты телу жасап,екінші ағашпен будандастырудың шебері еді.Қостанай атамыз Әріпбай әулеттінің үлкені ретінде өзінен кейінгі ұрпақтарына Әріпбай және басқа аталарымыз жайлы шежірені дұрыс айтып жеткізе білген. Қостанай атамыздың жұбайы Жаңылыс Шойманқызы Қайнарбұлақ ауылымыздың ысты руынан болатын. Жаңылыс апамыз Қайнарбұлақ елді мекенінде ерен еңбек етіп жүріп зейнетке шыққан..Алты ұл бес қызды дүниеге әкеліп,үкіметтің “Алтын алқа” орденінің иегері атанып,еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлының “Батыр ана” орденімен марапатталған.Қайнарбұлақ елді мекенінде 1938жылы дүниеге келіп,2016 жылы дүниеден озды. Атамыз Қостанай мен апамыз Жаңылыстан тараған алты ұл бес қыз бала; Нұрлан,Ерлан,Қайрат,Қанат,Талғат,Мұрат және қыздары; Сәуле,Дамира,Аманкүл,Жанат,Манат. Қазіргі таңда ұл қыздарынан тараған 35 немере,13шөбере бар.
Арнау.
Жаным әке, ұл-қыздарың сағынды
Тағдыр салған тауқыметке бағынды
Енді анам қасыңызға бардыма?
Еске салып ең бақытты шағыңды.
Қостанай деп ел ұмытпай атыңды
Еске алатын,қатал мінез батырды
Көзбен бәрін ұқтыратын тірлігін
Ел біледі әулеттегі бірлігін.
Қарымсақтың тегін биік ұстаған,
Ұстаз”болып,өз білімін ұштаған.
Сіздің салып кеткен дара, жолыңды
Жоғалтпаған ұл-қыздарың орныңды
Химия мен биология – маманы
Шәкіртіне сіңірген жан саналым
Мектепте де, атың әке жаңғырған
Өз сиясын төгіп жатыр қаламың.
Сіз әулеттің көшін бастап кеткенсіз
Абыройға еңбекпенен жеткенсіз
Бес қызы мен алты ұлы бар кезде
Сіз армансыз бұл өмірден өткенсіз
Ұлы жүзде ,сіргелінің діңгегі
Бізге үлгі еді, әкенің жүргені
Анамызбен 40-жылдай бір болған.
Тегін емес тамаша өмір сүргені
Бар болғанда көп немере,көрер ме еді?
Ақ батасын ата болып берер ме еді?
13-бірдей шөбере сүйер еді
Барлық ұрпақ шын басын иер еді
Жаңыл анам, Шойманқызы – ардағым
Орындадық анамыздың арманын
Алла өзі әкетті мекеніне,
Енді сізбен нұрландырсын жан -жағын
Екі тірек еді,бізге ата-ана,
Шүкір Алла, қосып кетті қатарға
Шежіреде қалсын деген сөздерім,
Бір пайдасын тигізсінші Отанға.
Бар кезінде силаңыздар барыңды
Ата-анаң түсінетін жаныңды
Алтын әке, асыл ана сіздерді
Ұл-қыздарың, жақын туыс сағынды.
Ұл-қыздарынан.
ҚҰРАСБЕК ЖАҢАБАЙҰЛЫ
Құрасбек атамыз Зейне апамыздың бірнеше жылдан кейінгі перзенті болған соң ерке қылып өсірген екен. Әулеттегі ер адамдар әкесі Жаңабай ағасы Әшірбай,Орынбай кісілер соғысқа кеткенде әулетте қалған ең кішкентай ұл бала болғандықтан әулет бойынша бәрі тапқанын аузына тосып еркелететін болған екен. Кейін Әкесі Жаңабай және басқа да әулеттің ер адамдары соғыстан келген соң және және ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген соң өз қалауы бойынша Шымкент қаласындағы “шофёрлік”курсқа оқуға түседі. Кейін ол жерден “Шофёрлік” мамандығын алып шығып, сол мамандығы бойынша өмірінің соңына дейін абыройлы қызмет атқарған.Құрасбек атамызбен оның жұбайы Рәш ападан төрт ұл және бір қыз тарайды олар; Сәкен,Мұқан,Сейілхан,Әділхан және Нәзира .
ЕРҚОСАЙ. ӘРІПБАЙҰЛЫ(1949-2000)
Әріпбаев Ерқосай 1949жылы Қайнарбұлақ елді мекенінде туылған. Ол осы жердегі мектепте үшінші сыныпқа дейін оқиды. Бұдан соң төртінші сыныптан бастап “Задарья” совхозында Сайрам ауданына қарасты мектеп-интернатта білім алады. 1965-1969жылдары Сарыағаштағы “Қапланбек” зоотехникалық техникумының малдәрігерлік факультетіне түсіп, оны үздік бітіріп шығады. 1973-1980жылдар аралығында Москвадағы К.И.Скрябин атындағы “Қызыл ту еңбек ордені” атындағы малдәрігерлік академиясына түсіп бітіріп шығады. Партия мүшелігіне кіргенсоң Қайнарбұлақ,Задарья,Қызыл-Әскер.Советский елді мекендерінде өз мамандығы бойынша бас малдәрігері және совхоз орталықтарында зоотехник,фермабасы,бас маман(Главный специалисть) қызметтерін атқарды. Ерқосай бас маман қызметінде жүргенде белсенділігі және ұйымдастыру қабілеті үшін жоғарыдан бірнеше марапаттар алған. Қайнарбұлақ өзенінен баяғы нағашы ағасы Күзембай бастап салған арықты қазуды қайта қолға алуға мұрындық болады.Ауыл адамдарына осы арық бойында суғармалы жерлерді көбейтіп халыққа егін егуге берілетінін айтып халықты ұйымдастырып арықты одан әрі ұзартып қаздырған болатын. Сөйтіп кейін ауыл халқына уақытша болсада учаске учаске етіп бөліп берген болатын.
Ол 2000жылы жазда кейінгі кезде өзі жиі ауырып жүрген қан қысымынан қайтыс болды.Ол жұмысқа жан тәнімен адал берілген адам болды. Дәрігерлердің кезекті қан қысымына ұшыраған кездегі бұдан былай режим сақтап жүру керек деген кеңесіне қарамастан ол есін жия сала жұмыста жүретін болған.
Ерқосайдың жұбайы Райбекова Қыздархан Қоңыраттың Құлшығаш руынан. Ол кісі де жоғары білімді педагог және партия қатарында болған адам. Көптеген мектептерде өз пәні бойынша адал қызмет атқара жүріп, Балабақша меңгерушісі, Парторг, Тәрбие ісінің меңгеруші (Завуч) қызметіне дейін көтерілген. Үкіметтен адал еңбегі мен ұйымдастырушылық қабілеті үшін бірненеше марапаттау қағазын алған. Кәзіргі күнде ол кісі құрметті пенсиядағы адам. Ерқосай мен оның жұбайынан үш ұл бір қыз тарайды олар; Данияр,Қуандық, Бақтияр және бір қыздары Ақерке.
ЕРҚОСАЙҒА
Күмән көңіл торлағанда күдікті ой
сейілтетін шам-шырағың үміт қой.
Сары уайым сансыз ойды сілкілеп
керегесін қара түннің түріп қой
Сонда қайрат тал бойыңнан табылсын
сабыр,төзім болса қайғы неғылсын
Өр табиғат жеткереді бәрінде
Азаматтық қасиетің сын сағатта танылсын
Кей-кейде мен табиғатқа таңқалам
ол-мәңгілік-даму жолын таңдаған
О,адамдар Бөлшегіміз ғаламның
ағып өтер \”өмір\”атты арнадан
Өмір өзен асып таси бастайтын
шалқыса да айдынынан аспаймын
Мінезі бар көктем сынды құбылған
қаһарланса жағаға атып тастайтын
Уақыт сыншы бір орнында тұрмайды
өтті күндер елесі қол бұлғайды
Тіршілікте толқын қуып толқынды
өмір осы дәйім алға зырлайды
Бұл ғаламда мен де зырлап келемін
несібемді маңдай термен теремін
Табиғаттың бір бөлшегі болған соң
шыбық сынды бар ау тегі керегім
Түйір дәндей керек болсам ғаламға
үлкен бақыт нұр құйылған мағанда
Жылы сөздің жарымы ырыс болғанда
дари берсін жақсы тілек адамға
15.04.1999. Жұрынтай Әбілдаұлы
ҚАЛАБАЙ ОРЫНБАЙҰЛЫ
Қалабай Орынбайұлы Задарья кәзіргі Советский елді мекенінде почта меңгерушісі болып істеген Наурыз Қайшылы Дәрібай деген кісінің үйінде жатып ол кісіні артынан ұрпақ қалмаған.
ІЛИЯС ӘШІРБАЙҰЛЫ
Ілияс Әшірбайұлының артынан қалған ұрпақтары Нұрғали, Ерғали деген ұлдар
НҰРЛАН ҚОСТАНАЙҰЛЫ
Қостанайұлы Нұрлан Әріпбай немересі 1960 жылы дүние есігін ашқан. Ауылдағы 9 сыныпты мектепті бітірген соң Шымкент қаласындағы Манап Өтебаев ол кезде Экономикалық коледж деп аталатын оқу орнына түсіп,оны бітіріп шығады.
Мамандығы бойынша Қорғасын заводында қойма меңгерушісі болып еңбек жолын бастады. Сол жұмысты абыройлы істеп жүріп Кеңестер Одағы тарқарда сол заводтың бөлім басшысына көтерілді. Завод басшылары қызметкерлерге еңбекақы бере алмайтын қйын жағдайға түскен кезде Нұрлан көкеміз жеке кәсіппен айналысып кеткен. Әкесі Қостанайдың атамы Әріпбайдың қолөнері қондыма әйтеуір темірден түйін түйетін кәсіппен айналысты. Үй құрылысына да қатысты.Өмірінің соңына дейін құрылыста жұмыс істеп жүрек талмасына ауыруына шалдықты.
2003 жылы 25 наурыз күні жүрек талмасы ұстап бақилық болды. Жеңешемііз Фариза екеуіне бір ұл екі қыз қалды.
Олар: ұлы Самат, Және қыздары Арайлым мен Әсел.
Бакилық болган ұландар жайлы мәлімет автор өзі және талай жыл білім саласында істеген Ақжолтай апа бастаған қариялар әңгімелері бойынша құрастырылды