Оразбай Сафаров Оразбай Сарсенбайұлы 1992 жылдың 30 наурыз күні Түркістан облысы,  Сарыағаш ауданы,  Сарыағаш қаласында дүниеге келген. Алғаш бастауыш мектепке 1999-2000 жылдары Түркістан облысы Шардара ауданы,  Жаушықұм ауылында орналасқан Жаушықұм орта мектебіне оқуға барған. Осы мектепте 2007 жылы 9-шы сыныпты бітіріп, 2007-2008 оқу жылдары 10-шы сыныптың алғашқы тоқсанын Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қ. Сатпаев атындағы лицей-мектебіне оқиды. Бұл мектепте 1-ші тоқсан бітірген соң, Шымкент қаласындағы Мерей колледжіне автомеханик мамандығына оқуға түседі. Бұл оқу орнын 2011-2012 оқу жылдарында абыроймен аяқтап, диплом алады. 2013 жылы мамыр айында Нұрбигүл жеңгемізге үйленіп, екеуінен бес ұл-қыз Айша, Әмина, Сания деген үш қызды, Абдулазиз, Абдуали деген екі ұлды өмірге алып келеді. 
Жеңгемізбен үйленген уақыттан Сарыағаш ауданы,  Дарбаза ауылдық округі,  Құрысай ауылында Ынтымақ көшесі 16-шы үйде тұрып, ауыл шаруашылығы саласының ішінде мал шаруашылығымен айналысып, төрт түліктен түйеден басқасының бәрін баптап өсіреді.
2024 жылы 18-ші қараша күні Құрысай ауылында мотоциклмен мал қарап жүріп жол апатына түседі. Жол апатында басына зақым келіп, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында 2024 жылы 29 қараша күні кешке шам намазынан кейін 32 жасында дүниеден өтеді. 
Алла Тағала бауырымызды өз рақымына алып, өз мейірімі мейіріміне бөлесін! Жатқан жерін жайлы,  топырағын торқа етсін \"🤲\"туралы мақала енгізудесіз

Оразбай
Tagged on: