Қарманов Нұрболат Шарапатұлы — Павлодар облысы, Май ауданы, Ақсарай ауылының тумасы, ветеринария саласының үздігі, қазақы тазы жанашыры болған.

 

Нұрболат Шарапатұлы 1997 жылы Красноармейка аграрлы-техникалық колледжіне «Мал дәрігері» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2010 жылы аталған оқу орнын бітіріп, диплом алған.

2003 жылы Павлодар облысы, Успен ауданы, «Вместе» фермерлік шаруашылығында мал дәрігері ретінде еңбек жолын бастаған.

 

2022 жылдың 2 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген ережелерге сәйкес, ауыстыру тәртібімен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Май ауданы аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.

2023 жылдың 20 мамырынан бастап Нұрболат Шарапатұлының қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Май аудандық инспекциясы басшысы лауазымынан қызметкерлер тізімінен шығарылды.

 

Нұрболат Шарапатұлы өз саналы ғұмырын ветеринария саласына арнап, мал дәрігерлік қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарады. Ол білікті маман, жоғары ұйымдастырушылық қабілеті бар тұлға ретінде танылып, қажырлы еңбегінің арқасында облыс және аудан тарапынан құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

2020 жылдың 13 наурызында Павлодар облысының ветеринариясын дамытуға қосқан үлесі үшін естелік медальмен және «Павлодар облысына 20 жыл» төсбелгісімен марапатталған.

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

 

Нұрболат ағамыздың жұбайы Динара Мерболатқызы екеуі 2010 жылы отбасын құрып, артында ұрпағын жалғастырып келе жатқан асыл ұлы Нұралы мен инабатты қызы Инабатты тәрбиелеп өсірді.

 

Қарманов Нұрболат Шарапатұлы — есімі ел жадында сақталған, өнегесі өшпес асыл азаматтардың бірі. Жерлестері мен әріптестері оны сағынышпен еске алады. Артында қалған ұрпағы әкесін мақтан тұтады. Нұрболат ағамыздың жарқын бейнесі ел есінде мәңгі қалады.

Нұрболат ағамыздың жатқан жері жарық топырағы торқа, қабірі иман нұрымен нұрлансын деп Алладан тілейміз. 

Қарманов Нұрболат Шарапатұлы – туралы мақала
Tagged on: