1912 жылы Ақмола (қазіргі Астана) қаласында Тайтөбе елді мекенінде дүниеге келген. Әке-шешесі ерте қайтыс болған. Мектепті сонда оқып, кәсіптік мектепті плотник (ағаш шебері) мамандығы бойынша тәмамдайды.

Одан міндетті әскери қызметке шақырылып, сұрапыл соғыс басталғанға дейін Ақмолада ішкі істер бөлімінде милицияда қызмет атқарған. 1941- жылы зайыбы Үміт Жақсылыққызымен үйленіп, үлкен ұлы Аманбай туғаннан үш күннен кейін 1942 жылы ақпан айында майданға аттанады.

Сталинград майданына бастан-аяқ қатысып, жараланған. Госпитальда емделіп шыққаннан кейін әскери қызметін Қиыр Шығыста жалғастырып, Жапон соғысына қатысқан. Жеңісті сол Қиыр Шығыста қарсы алады. Бірнеше жауынгерлік марапаттары бар. Соғысқа ағасы Қайырбек 1941-жылы аттанған. Ол кісі хабарсыз кеткен.

Соғыстан кейін Сталиннің әр ұлттан әскери кадр дайындау бұйрығы бойынша тізімге ілініп Одесса қаласындағы арнайы офицерлер даярлайтын училищеге қалдырылған.Оған өзінің орыс тілін өте жетік білгені себеп болды. Елге 1946 жылы  оралды. Отбасы жағдайына байланысты әскери училищеден босатылып аяқтай алмай елге оралған. Балалар үйінде өсіп туысқандарынан ерте ажырап қалғандықтан-Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Карл Маркс колхозына келген. Себебі: Жары Үміт Жақсылыққызы осы жердікі еді. Сарымсақов Әбікен соғысқа аттанған соң Үміт Жақсылыққызы үлкен ұлы Аманбаймен еліне оралған еді.

Ол Сол 1946 жылдан бастап өмірінің соңына дейін колхозда, кейін Карл Маркс атындағы совхозда жауапты қызметтер атқарды. Бригадирліктен бастап, ферма меңгерушісі, бөлімше №1 басқарушысы лауазымдарын түгел атқарып, ауылдың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. 1969 жылдан өмірінің соңына дейін Карл Маркс атындағы совхоздың жүн қабылдаушысы (шерстовед) болып еңбек етті жүн сұрыптап оны Семейдегі заводқа өткізу ісімен айналысты. Совхоз қой совхозы болғандықтан негізгі табыс көзі қой өнімі еті, жүні,терісі едіүшін Ставрополь қаласында арнайы курстан өтіп келді. Ауыл еңбекшілерінің жалақысы осы жүннен түсетін.Соғыстағы медальдарынан басқа бейбіт күнделігі еңбегі үшін берілген марапаттары мен грамоталары жетерлік. Осындай керемет еңбектерімен елге сыйлы елеулі азамат болды. Зайыбы Үміт екеуі өмірге 9 бала әкелген. Екеуі ерте шетінеп кеткен. Алты ұл, үш қыз баланы тәрбиелеп өсіріп азамат қатарына қосты. Қазір солардан тараған ұрпағы осы өңірде әр салада еңбек етуде. Немере, шөбере, шөпшегі дегендей. Осылайша ұрпағы өмірін жалғастырып жатқан жағдайы бар.Соғыс және еңбек ардагері Әбікен Сарымсақов 1974 жылы 21 наурызда ауыр дерттен өмірден озды.

Әбікен
Tagged on: