Ассалаумағалейкүм. Осы шежіреде барлығы жақсы жазылған, бірақ кішкене қателіктер бар, оларды айта кетсем:
- Орта жүздің Керей тармағында: 126263:Байтеке — Жанбура — Жарылғап есімді атаның аты “Жарылған” деп жазылып тұр, ал аты — ЖарылғаП. Мұны ескерсеңіз;
2. Осы Жарылғап атаның балаларының арасында “Шаңман” деген кісі жазылып тұр, бұл қате. Оның орнына Жарылғап атада Мырзатай есімді ұлы болған. Ал осы “Шаңман” деген кісі Жарылғаптың Байназар есімді ұлының баласы болған және оның аты ШаҢман емес, ШаХман.
3. Байназарда Қараменді деген баласында Бүрдешке деген кенже ұлы болған. Бүрдешкеде үш ұл: Ахмет, Махамбет және Бейсембет. Алайда, осы сайтта олар бірінен соң бірі жазылған, яғни Бейсембет Махамбеттің баласы деп, ал Махамбет Ахметтің баласы деп жазылған. Шынында олар үш ағайынды болған.
Осының бәрін мен өлкетанушы Қайролла Мұқановтың Самай Керей шежіресі атты кітабынан алдым.