Жақып молда.
Ал, Жақып атты баласынан тараған ұрпақтарды бүкіл қазақ халқы молла балалары деген ата ретінде жақсы біледі.
Қошқарбай батыр бірде жаугершілікте еліне қайтып келе жатып, бір ауылдан қағаз қалдықтарын жинап жүрген жас баланы тауып алады. Баланың жинап жүргені шашылған, жыртылған Құран Кәрімнің беттері екен. Үйіне алып келіп, бала етіп асырап алады. Атын Жақып қойып, өзінің баласы екендігін, кімде-кім оны мойындамаса, теріс батамды беремін деп жар салады. Әрі Жақыпты, Қошқарбайдың бәйбішесі, жақсы көріп, еміреніп бауырына басады. Міне, осы Жақып үлкен молла болып шығады. Бала кезінің өзінеде кітап ашып, батырға түрлі болжамдар айтып әрі онысы дәл шығып отырады екен. Бірде батырға сапардын олжалы қайтатынын айтып, келген соң үлкен олжамды маған байлайсың деп уәдесін алып қалады.
Батырдың қалың қолы, айтқанындай жорықтан келе жатып, риза көңілмен бір жерге тоқтайды. Бұл жорыққа аттанарда өзінің он бір ұлының бірі, молда баласы Жақып: «Осы жолғы бас олжамды маған байлайсың», деген. Сол уәдесін орындауға бекінеді.
Осы кезде қолға түскен бір сұлу қыздың шешесі желмаямен қуып жетеді. Әйелді бір топ адамның ортасында отырған адамның алып келгенде оған қаймықпай қарап: «Е, міне, Қошқарбай сен боларсын! Бәрекелді даңқыңа, Өлім берсін сиқыңа! — деп батырдың сипатсыздау кейпіне тиісіп кетіп: — Елім деп туған ерлігіңе тәнтімін. Жау да болсам айтарым, тектілігімді танытар, өркенімді әсірер болсын десең қызымды (Құмай) қор қылмассың. Бар өтінерім осы» — деп кері шауып кетіпті.
Батыр елге оралған соң Жақыптың тілегін ескере отырып, әрі қыздың шешесіне берген уәдесін орындап, қызды Жақыпқа қосады.
Жақып ұрпақтары: \’\’МОЛДАТҰҚЫМ\’\’ руы тарайды.
Әйелі: Құмай.