Беріш – Себек – Аңдағұл.

Ашығалиев Қатауолла (1948 жылы туған, РФ, Саратов облысы.) – жергілікті басшы. Әке-шешесі репрессия кезеңінде қазақ даласын тастап кетуге мәжбүр болған Орданың тумалары. Елге 1964 – жылы қайта оралған. Еңбек жолын тым ерте шопандық, жүргізушіліктен бастаған. 1966 – жылы. Жәнібек елді мекенінде орта мектепті тәмамдаған. 1967- 1969 жылы. кеңес әскері қатарында болып, 1970 – 1975 жылы. Саратов политехнический институтында оқып, автомобиль көлігін пайдалану инженері мамандығын алып шығады. 2003 жылы. диссертация қорғап, экон.ғыл.канд. ғылыми атанады. 1975 – 1977 жылы. автокөлік кәсіпорнының инженері, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1977 – 1985 жылы. Чапаев автокөлік кәсіпорнының басшысы болған. Еңбектегі жетістіктері үшін Құрмет белгісі орденімен марапатталған. 1985 жылы облыстық басқармаға басшының орынбасарлығына ауысады. 1986 – 1992 жылы. Орал қалалық. атқ.комитетінің төрағасының орынбасары, 1993 – 1994 жылы. Орал қалалық әкімшіліктің басшысы. 1995 жылы. <<Ақас>> агрохолдингі өз жұмысын бастады. Ол кезде кішкентай шаруашылық қожалықтың қарамағында 4 жұмыскері мен 360 га жер телімі бар болатын. Қазір агрохолдингте тұрақты негізде 430 адам еңбек етеді және бекітілген 47626 га жер телімі бар. Қызметінің негізгі бағыттары болып мал және құс шаруашылығы мен солардың өнімін өңдеу. Қатауолла Ашығалиев <<Онжылдықтың үздік кәсіпкері>> атты Республикалық конкурстың <<экономиканың аграрлық секторы>> номинациясының жеңімпазы. 2001 жылы Батыс Қазақстан облысы а/ш-қ өндірісінің дамуына қосқан үлесі үшін <<Құрмет>> орденімен марапатталып, 2014 жылы. <<Қазақстан Республикасына а/ш-на еңбегі сіңген қызметкер>> атағы берілген. 2016 жылы. <<Парасат>> орденімен марапатталған. 1985 – 2017 жылы қалалық және аудандық Мәслихаттардың депутаттығына сайланған. Отбасылы, 5 баласы мен 6 немересі бар. Жұбайы Лидия Ашығалиева дәрігер, Орал қаласында тұрады. 

Қатауолла
Tagged on: