Ұраны: Бекет

XIX ғасырдың орта шеніндегі есеп бойынша Адайлар кырық мың түтін үй болған. Адай Құдайке мен Келімберді деген екі атадан тарайды. Адай бабамыз тарихта бар адам, өзі хандық құрған.

Адай руы – Кіші жүздегі саны көп рулардың бірі. С. А. Аманжолов адайлар Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, б. з. б. II ғасырда Каспий теңізінің жағалауында мекендеген ежелгі Адайлардың ұрпақтары болуы мүмкін деген жорамал пікір айтқан.

Сол арада ол Адайлар оғыздардың «ада» (арал) «адайлар» (аралдықтар) деген сөзінен шыққан деген нұсқасын да келтіреді. Дайлар (дахтар) Адай руының алыстағы бабалары деген нұсқа да әбден ықтимал.

Адай елі: ежелден Каспий теңізінің шығысынан, Арал теңізінің батыс, оңтүстігіне дейін, Мұғалжар тауынан (Ақтөбе облысы), солтүстік Балқанға(Түркменстан) дейін, Ойыл өзені мен Мойнақ шөлі (Қарақалпақстанның батысы: Кунград, Мойнақ) жерлерінде өмір сүрген халық. Сондықтан Адай елі өздерінің қазіргі: Жылыой, Қызылқоға, Балықшы, Мақат, Ойыл, Темір, Байғанин аудандарының түпкілікті тұрғыны болып өмір сүріп келеді. Қазақстан шекарасын айқындалып, құжатқа түсер кезеңдер де қазақтың оңтүстің аймақтары Өзбекстанның, батысы (Маңғыстаудың шығысы) Қарақалпақстан иелігінде қалып қойды. Қазіргі таңда да сол Адай жерлерінде яғни Мойнақ, Кунград аудандарын да адайлар тұрып жатыр. Сол сияқты Ресей Федерациясында Ноғай-Адай жерлері: \”Астырхын (Астрахань), Самар (Самарская), Сармат (Саратов), Еділді (Волгоградская), Таңбалы (Тамбов)\” облысытары қалып қойған болатын. Адайдың Тәзіке атты немересінен тарайтын ұрпақ қазіргі Атырау облысында кеңінен тараған, олар ерте заманда қалмақтармен болған соғыстарға қатысып, Жем, Нарын бойларында қалған Адай руының ұрпақтары.

Адай
Tagged on: