Ерімбетов Сәкен Тағайұлы

Мен 1962 жылдың 1 қыркүйегінде дүниеге Алтын төбе ауылында келгенмін.

Еңбек жолымды 1985 жылы Ленин ауданының «Қызылтаң» колхозында бригадир болып бастадым.

Екі айдан соң, осы ауданның Шанақ қой шаруашылығына агроном-химик етіп жіберді. Шаруашылықтағы жемісті еңбегім елеусіз қалмады. Мені 1986 жылы аудандық комсомол комитетіне ұйымдастыру бөліміне меңгенушінің орынбасары, ал кейіннен екінші хатшы етіп сайлады.

1989 жылы өзімнің туып өскен Алтын төбе тұқым шаруашылығына бас агроном етіп жіберді. Азды көпті сол шаруашылықта 2001 жылға дейін қызмет атқардым. Мені осы шаруашылыққа жібергендегі басты себебі, тұқым шаруашылығында егістік танаптарын қара күйе ауыруы жаппай тарап кетуі, оның үстіне шаруашылықтан тұқым шаруашылығы деген атақты алып тастау қауіпі тұрған болатын. Бірінші күннен бастап, бар ықыласым мен білімімді жұмсап, облыстық «Шымкент» ғылыми өндірістік бірлестігінен келген мамандардың көмегімен бір жылдың ішінде танаптарды қара күйеден тазалап, ауыспалы егіс жүйесін қалыпқа келтіріп, тоғыз астық дақылдарының сорттарын қысқартып, үш сорттқа көшірген болатынмын. Ауыл тұрғындарының көзқарасын жерге өнім егіп, күзде өнімді жинап алумен ғана шектемей, сол алынған өнімді ары қарай өңдеп, ұқсата білуді жолға қойдым. Мысалы мақсары дақылын қайда жұмсайтынын білмей, қоймаларды толтырып тастаған болатын. Мақсарыдан кейіннен мақсары тұқымын сығып майын шығардық, сығындысын малға жем ретінде пайдаландық. Халық көп жылдардан бері көрші шаруашылықтың диірмендеріне бидайдан ұн жасатып, 2-3 күн уақытын, қаражатын жұмсайды екен. Совет өкіметінің тарауға таяп қалған күндерінде швейцариялық тәулігіне 50 тонна ұн шығаратын диірменді ауылға алып келіп, халықтың бір проблемасын шешкен болатынмын.

Осы 14-15 жыл ішінде астықтың өнімділігі мен тұқымның сапасы жөнінде областа және ауданда бірінші және екінші орынды берген емеспін.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министірлігіне жұмысқа ауыстым. Тұқым мәселерін, тұқым шаруашылықтарын бақылауға алдым. Сол кезде министрікте қазақ тілін қатты қолға алған болатын. Біздің департаменттің қазақ тіліндегі іс қағаздарын мен жүргіздім. Біздерге Үкімет қаулыларында аударуға тура келетін. Бір жолы мен аударған Үкімет қаулысына сондағы мамандар баға беріп, министрден мені марапаттауды сұранған екен, бірақ өкінішке орай мен 2003 жылы министріктен кетіп қалған болатынмын. 

Құрылыс компаниясында 2003-2004 жылдары жұмыс атқардым.

2004-2006 жылдары Астана қаласындағы Қазақстан телерадио корпорациясында шаруашылық бөлімінің бастығы болып қызмет жасадым. 

2006-2008  жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарайтын Дипломаттар қалашығының директоры қызметін атқардым.

2008-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбекті қорғау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты  Еңбекті қорғау ғылыми зерттеу институтында ғылыми қызметкер болдым.

Еңбекті қорғау ғылыми зерттеу институтында қәзіргі уақытта Қазақстан бойынша қолданысқа ие еңбекті қорғаудағың басқару жүйесінің стандартын енгіздім.

2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық ветеринарлық зертханасында администрациялық-шаруашылық басшысы болып қызмет атқардым.

2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігіне қарасты ауыл шаруашылық өсімдіктерінің шаруашылық тиімділігін мемлекеттік зерттейтін мекемесінде бас агроном болып қызмет атқардым.

2021 жылдан бастап қәзіргі уақытқа дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысып келемін.  

Мәлімет берген: Ерімбетов

Сәкен
Tagged on: