Ерімбетов Тағай

Асқаралы әкеміз 1938 жылы 5 қазан күні Алтын төбе ауылында туылып,

2008 жылдың 9 қаңтар күні көз жұмды. Осынау жылдардың арасында көптеген жұмыстарды атқарып, ауылға, кейіннен ауданға өте сыйлы болды.

  1958 жылы Ташкент қаласындағы су шаруашылық техникумының механизация факултетінің соңғы курсында мақта теріміне барған. Сол маусымда 5 300 кг мақта тергені үшін Өзбек ССР-і Жоғары Кеңесі президиумының құрмет грамотасы мен Именной сағат табысталған. 

1958 жылы Ташкент су шаруашылық техникумының механизация факультетін аяқтап, еңбек жолын Ташкент қасындағы Зах–Келес су басқармасында техник–механик қызметінен бастаған.

1961 жылы пионер жетекшісі және жарты ставка математикадан сабақ берген. Кейіннен толық математикадан сабақ және жарты ставка көркемөнерпаздар ұйымының жетекшісі қызметін қоса атқарған.

Жұмыс істей жүріп  1961 жылы сырттай Шымкенттегі педагогикалық институтының математика факультетіне оқуға түскен.

1966 жылы Чкалов атындағы мектепте директордың орынбасары, ал  1969 жылы «Қаржан» сегізжылдық мектебінің директоры болып қызмет істеген. Осы мектепті «Тірек мектебі» деген дәрежеге жеткізіп, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

1971 жылы «Алтынтөбе» совхозы жұмысшылар комитетінің төрағасы қызметіне ауысқан. Сол жылдары ерекше жетістіктері үшін ауданда бірінші болып «Коммунистік еңбектің екпіндісі» деген атаққа ие болды.

Мектепте жүргенде де, совхозда жұмысшылар комитетінің төрағасы болып қызмет істегенде де көркемөнерпаздар байқауларында ауданда алғашқы орындарды иемденіп жүрді. 

Сол жылдары ауданымыздың (ол кезде колхоз, совхоздар дейтін) көптеген жерлерінде концерттер қойып, Қасым Аманжоловтың «Айгүл» пьесасын жарыққа шығарған, «Жалбыр» атты драмасын құрып көпшілікке көрсеткен.

Оңтүстіктің Жетісай, Киров, Мақтарал аудандарына барып мақта терімшілеріне концерт қойып жүрген.

1974 жылы Ленин аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды.

1975 жылдан 1981 жылға дейін сол аудандық партия комитетінің жалпы бөлім меңгерушісі болып істеді.

1981 жылдың басында аудандық көпсалалы коммуналдық комбинатының директоры болды. Бұл мекемеде де коммуналдық жұмыстарды жолға қойып, онда қатаң тәртіп орнаттып, жоспарды әр тоқсан сайын дұрыс орындап облыстық ауыспалы қызыл туын жеңіп алған. Бір рет республикалық туын да жеңіп алған. Жұмыстағы көрсеткіштері жоғары дәрежеде болып, еңбектегі «Ерен еңбегі» медалымен марапатталды.

Кейіннен 1991-93 жылдары аудандық  Казсельхозтехникға су – жылу жүйесі бойынша шебер болып қызмет атқарды.

1993 жылы наурыз айынан бастап, 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін аудандық Залалсыздандыру бөлімінің директоры болып қызмет атқарды.

Жалпы басшылық қызметте 42 жыл істеген. Қай жерде жұмыс жасаса да тиянақты жұмыс жасағанның арқасында істеген жерлеріндегі жоғарғы органдардан алған алғыстары мен мемлекеттік марапаттар – соның басты айғағы.

Мәлімет берген: Ерімбетов

Тағай
Tagged on:

Мәлімет берген: Ерімбетов Сәкен

Тағай
Tagged on: