Алибаев Елтай (1938 – 1978)

1938 ж. 10 қарашада Алтынтөбе ауылында (Қазығұрт ауданы, Оңтүстік-Қазақстан облысы) дүниеге келді.

1957 ж. мектеп бітіргеннен кейін Ташкент ирригация және мелиорация институтына түсті

1962 ж. институтты тамамдап, жолдамамен Шымкент облысындағы Созақ ауданына жұмысқа жіберілді. Созақ ауданындағы Жол эксплуатация басқармасына басшы ретінде тағайындалды. Енді институт бітірген жас маман болып, еңбек жолын сол Созақ ауданында бастады. Сол ауданның біте қайнасып, партия және аудандық комитетінің берілген тапсырмаларын бар білімін Созақ ауданы жол жағдайын жақсартуына еңбегі сіңірген. Асфальт жолын ауданнан облысқа дейін салып, сол жолдарды қысы-жазы, борандар болғанда қарамағында болған ауыр техниканы қолданып қардан ашып, трассаны әр бағытта (облыс, ауданнан ауданға) бар кәсіби білімін салып, жақсы жағдайда ұстайтын.

1971-78 жж. облыс орталығына Шымкент қаласына ауысып, Шымкент жобалау институты, Союзгипрорис, Южгорсельпроект, Южгражданпроект, тағы басқа жобалау мекемелерде Бас инженер немесе басшы қызметінде жұмыс істеді. Өмірінің соңғы жылдарына дейін жоғарғы деңгейде кәсіби білімін және тәжірибесін жастармен бөлісіп, көп жас мамандарға үлгі болған.

 

Мәлімет берген: Мұса Ерлан 

Елтай
Tagged on: