ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМДАРҒА (АРУАҚТАРҒА) БАТА ОҚУ, ОЛАРДЫ ҚҰРМЕТТЕУ БІЗДІҢ ТӘҢІРШІЛ-ҚАЗАҚТАРДЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІ, СЕНІМІМІЗ. 

 

Армысыз, бауырлар! Бүгін бейсенбі күні ғой. Аруақтарды еске алу күні (негізі аптанын әр күнінде де аруақтарды еске алуға болады). Бүгін жеті шелпек пісірдіңдерме, бата оқып, сүтті тағзым етіп, шырақ жағып, аруақтарыңыздың аттарын атап? Ескерту салып жатқаным ғой. Өмір жолын қуып кейде аруақтарды еске алуға ұмытып кетеміз. Егер үйде үн болмаса, немесе шелпек пісіруге уақыттарыңыз болмаса, газплитаға отқа май қуйса да болады исің шығарып, ақты арнап (сүт өнімдерін), шырақ жағып, бірақ аруақтарға арнап батаны міндетті түрде оларға оқуыңыз керек. 

        Әр төртінші күні әруақтарға арнап иіс шығарып, жеті шелпек пісіріп, бауырсақ пісіру мәні – тәңірші қазақтар әр төртінші күн Тәңір әруақтарды үйлеріне қонаққа жібереді деп сенген. Олар аузымен тамақ жеп білмейді, себебі олардың біздікіндей физикалық дене жоқ, олар көзге көрінбейтін қуат-сана болып паралельді о дүниеден келеді. Сондықтан олар тек иісін иіскеп, соған қарны тойып, ұрпақтарына алғысын айтып, батасын беріп кетеді. Сондықтан иіс шығару үшін майға пісірген шелпекті дастарханға қойып, аруақтарға бата оқып көршілерге де таратып берген. Шелпекті пісіріп жатқан кезде есік пен терезелерді ашып қойған аруақтар кірсін деп. Шелпектен дәм татқан кезде «тие берсін!» деп сондықтан айтады. Ал, шелпекті домалатып істегені ол Күннін белгісі. Ал, Күнді Тәңірдің белгісі деп есептеген. Бұл таза Тәңіршілік нышаны. Исламға еш қатысы жоқ. Аруақтарды тек ғана бейсенбі күні еске алу керек деген қәғида-ереже-заң жоқ Тәңіршілдікте. Аптаның басқа күндерде де еске алуға болады. Мысалы аруақтарыңыз түсіңізге, ойыңызға келсе, биітінің басына барсаңыз сол жерде де аруақтарға арнап бата оқуға болады.

Аруақтарды ұмытпаңдар, осылай естеріңе алып тұрындар, аттарын атап, оларға бата оқып, шелпегін пісіріп, сүтті тағзым етіп, тәңіршілдер екендеріңді ұмытпаңдар. \”Өлгендер риза болмай, тірілер байыз (тыныштық) таппайды\”-деген бабаларымыз. Аруақтарға бізден керегі негізі ол құрбан емес, ол естелік.

Тәңір Ұлы Әкеміз сіздерді жарылқасын, аруақтарыңыз сізді желеп-жебеп қорғасын, жақсы, адал, әділетті істеріңізде қолдасын!

7 шелпекті дастарқанға қойып шырақ жағып, шамалы сүтті кесеге құйып: \”аруақтарға осы ақты арнадым\” – деп аруақтарға тағзым ретінде ырымдап, аруақтарға бата былай оқисыз:

 

ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМДАРҒА (АРУАҚТАРҒА) БАТА:

 

О, Жаратушы Тәңірім, өзі оңдасын, жарылқасын. 

Ұлтымның аруақтарымен бірге менің:

( Осы жерде: \”АРУАҚ! АРУАҚ! АРУАҚ!\” – деп 3 рет айтып Тәңірімізге қайтқан: 7 аталарыңнын аттарын атау керек және де әжелеріңнің, нағашы ата-әжелеріңнің, қайтыс болған жақын туыстардын)……………………………… деген ата-бабаларымның аруақтарымен бірге бастарын қосып, біріктіріп өзіне жақындатсын. 

Қасиетті Заңдарды бұзса, о Тәңірім, сабір ет. 

Кешірегөр деп жалынып саған тұмалары бас иет. 

Қасыңа алып жарылқап

адал, жарық Жол көрсет. 

 

Аруақтардын аттары мәңгілікке өшпесін, 

оларды өз ата-баба аруақтарымен бірге бақытқа бөлеп, 

артында қалған елін, ағайын-туыстарын, ұрпағын желеп-жебейтін, қолдайтын және қастандықтан, бәле-жәледен, түрлі қауіп-қатерден қорғайтын күшін арттыр, Тәңірім!

 

Осы Тәңірімізге қайтқан аруақтардын сүйектері жатқан жері жайлы болсын, топырағы торқа болсын.

 

Дүниедегі ізгілік

алдарынан шығып қарсы алсын.

Күндізгідей күн күліп,

сәулесін шашудай лақтырсын. 

 

Тыным тауып жоғарда

санаңыз соған батсын. 

О дүниеде жаныңыз 

рахаттанып жәй тапсын. 

 

О, аруақтарым, өзімді, тірі жақындарым мен туғандарымды, тұмаларымды (ұрпақтарын) адамдардын: 

қастандықтардан, жаман көздерден, қызғаныштардан, көреалмаушылықтан, қателерден, жаман істерден, бәле-жәледен, зұлым рухтардан желеп-жебеп, қорғап, сақтай көріндер! Жақсы, мейірімді, адал, әділетті істерінде қолдап жүріңіздер! Өмірімізде ақ, тіке жол-бағыт көрсетіп, кеңестеріңізді беріп жүріңіздер біздерге!

 

Артында қалған ұрпақтары мына біздер және ағайын-туыстарымыз, ел-жұртымыз, халқымыз аман болсын! Бүкіл қазақтың аруақтары қолдасын! Арымыз таза, басымыз аман, талабымыз таудай, арманымыз асқақ, еңбегіміз адал, жолымыз ашық, табысымыз мол, ісіміз сәтті, деніміз сау, өміріміз ұзақ, уайым-қайғы болмасын, қуанышымыз бен бақытты күндеріміз көп болсын!

 

Жаратқан жаппар Құдірет,

аруақтарамыздың ұрпақтарынан

бүкіл бағыштаған баталарын қабыл ет,

жаман істерден сақтанған, 

пәк жандардың ақ тілегін мақұл ет!

 

Уа, Жаратушы-Тәңірім, осы қайтыс болған кісілердін аруағын, артында қалған ұрпағын, ағайын-туыстарын, ел-жұртын жарылқасын, ата-бабаларымыздың аруақтары қолдасын, қорғасын! 

Тиеберсін! Осы айтқандарымыз, батамыз қабыл болсын! Орындалсын!

АРУАҚ! АРУАҚ! АРУАҚ! 

 

Батаны өз сөздеріңізбен де айтуға болады. Мынау тек үлгісі ғой. 

Шырақ соңыңа дейін жағылып өзі сөну керек оны сөндірмейсіз. Сүтті канализацияға төкпей, үйдегі жануарларға бермей, өзіңіз ішпей далаға адам баспайтын жерге (талдын түбіне болсын) \”аруақтарға тие берсін, батам, тағзымым қабыл болсын!\” – дейсіз де жерге төгіп жібересіз. 

 

БЕЙІТТІН БАСЫНА БАРҒАНДАДА ОСЫ БАТАНЫ ОҚИСЫЗ, ШЫРАҒЫҢЫЗДЫ ЖАҒЫП, СҮТТІ БЕЙІТТІН БАСЫНА ШАШАСЫЗ БАТАҢЫЗДЫ ОҚЫП БОЛҒАН СОҢ.

 

Мәлік Ақтөбе.15.07.2021 ж. 

 

Фейсбуктағы сіздің тобыңыз:

https://www.facebook.com/groups/308641057072397//

 

#тәңір #ұмай #қазақ #салтдәстүр #бата #тәңіршілдік #тәңіршілдер #аруақҚАЗАҚТЫҢ ЕСКІШЕ АЙ АТТАРЫ:

1. Ергеу – наурыз;
2. Көктеу – сәуір;
3. Мезгеу – мамыр;
4. Көзгеу – маусым;
5. Шілдеу – шілде;
6. Тамызық – тамыз;
7. Дәндеу, мизам – қыркүйек;
8. Соқтау – қазан;
9. Күйек – қараша;
10. Қауыс, ықтырғы – желтоқсан;
11. Ығыс – қаңтар;
12. Қаңтар – ақпан.

ҚАЗАҚТЫҢ ЕСКІШЕ АПТА КҮНДЕРІ:

1. Сақтал – дүйсенбі;
2. Жақтал – сейсенбі;
3. Аттал – сәрсенбі;
4. Ғаттал – бейсенбі;
5. Мереке – жұма;
6. Бақтал – сенбі;
7. Баттал – жексенбі.

ҚАЗАҚТЫҢ ЕСКІШЕ МЕЗГІЛ АТАУЛАРЫ:

1. Қорықтау – түн;
2. Жарықтау – күндіз;
3. Ұйқаш – тәулік;
4. Мереке – апта;
5. Айғақ – ай;
6. Толығым – айдын алдыңғы 10 күні;
7. Толықсым – айдың ортасы;
8. Торығым – айдың соңғы 10 күні.

Жиынды
Tagged on: