Меңдіқұл атамыздың екінші ұлы
Арғы атам Қоңқаш Меңдіқұлұлы 1881 жылы Шарбаққұдық қыстағында өмірге келген қазіргіше сауатын ашқан, арабша да сауатты, жаза да, оқи да алатын. Құранды, басқа да мұсылман әдебиеттерін өте шебер оқитын. Ақмешітте 3 жыл оқып, арабша білім алған. Қоңқаш атам 1917-30 жылдар аралығында сауда жасаумен айналысып, әкесін және басқа да бауырларын азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етіп отырған. Әкесі Меңдіқұл ескіше оқыған сауаты адам болған, анасы Әймекен Беріш Қаратоқай Аққұлы руынан шықан есті қонақжай ағайын тума арасында беделді ақылшы болған адам. Үштөбе қыстағының қасында Әймекен қорымы аталған мәйіті бар. Меңдіқұлдан-Тасқара, Қоңқаш, Сәлмен, Байқадам, Сәлім, Бердіқұл, Забира, Құмар туған. Қызы Забира Қобданов Нәсіпқалидың анасы. Атам 1929 жыл қырдағы кішкентай шаруашылықтар, Мұқанғазы Сирановтың ұйымдастыруымен қазіргі Елтай селосының ірге тасын қалаушылардың бірі болған зинет жасына дейін мал шаруашылығында мал бақты. Әкесінен үйренген болар кешегі кеңес заманында бес уақыт намаз оқып ораза ұстаған адам. 1930 жылдан бастап қолхозға мүше болып, әуелгі баста әртүрлі жұмыстарда болған. Елтай ауылын тұрғызушылардың бірі алғашқылар қатарында үй алған. Кейінгі жылдар мүйізді ірі қараның бақташысы болды 1966 жылы 87 жасында өмірден озды. Мәйті Елтай селосының ішіндегі қорымда. Қоңқаш атамыздан-, Хабиболла (Долым) 1921, Қабдол 1928-1971, Назым, Қазима 1934-2008, Нәсиполла 1937-2017. Хабиболла Ұлы Отан соғысынан оралмаған.