Үмбет Тасқараұлы \”1924 жылы күз айларының бірінде Орал губерниясы Гурьев округінің №7 ауылында (қазіргі Атырау обылысы, Индер ауданы, Елтай ауылында) дүниеге келді.

1967 жылы Елтай орта мектебін сыртай оқып бітіреді. 1957 жылы 19 қыркүйекте Москва қаласындағы Бүкілодақтық есеп курсының Алматы қаласындағы бөлімінің екі жылдық курсын бітіріп, бухгалтер мамандығын алады. Одан басқа Алматы қаласынан білім жетілдіру курстарынан өтеді.

 

Ұлы Отан соғысынан бұрынғы отбасылық жағдайы ерте есейті. Сондықтан 1940 жылы қараша айынан бастап, Доссордағы фабрика заводтық училищеде оқып, оны 1941 жылы мамырда қызыл дипломмен бітіріп, 1942 жылы 9 мамырда қызыл армияға шақырады.

 

Свердловск қаласының маңында кіші командирлер курсынан өтіп, сержан атағын алғаннан кейін 16- Армияның 97- дивизиясының 136- полкінің қатарында Батыс майданның Калинин және Смоленск бағыттарының алдыңғы шебінде әуелі бөлімшеде, кейін взвод командиріннің жәрдемшісі болып, соғыста алдыңғы шепте қызымет етті. Соғыста көптеген селолармен қатар Духовчина қаласын ірі темір жол тораптарын азат етті.

1943 жылы қыркүйек айының 23-де Смоленск қаласын азат етуде ауыр жаралы болды. Сол жақ аяғы мен қолы сынып ұзақ емделіп, Киров қаласындағы госпитальдан II топтағы мүгедек болып, 1944 жылы елге оралады. Содан Социализм колхозында секретарь, Еңбек бөлімінің есепшісі болып 1948 жылға дейін жұмыс істейді.

1948 жылдан 1950 жылдың мамыр айында дейін қой фирмасының меңгерушісі қызымет атқарады. Осы жылы мамардан бастап, 1955 жылдың аяғына дейін бас есепшінің орынбасары болады. 1956 жылдың басынан қыркүйекке дейін Социализм колхозында 1956 жылдың қыркүйектен 1961 жылдың қараша айына дейін Махамбет атындағы колхозда бас есепші болып жұмыс жасайды. Есбол аудандық атқару комитетінің 20.XI.1961 жылғы № 331санды жолдамасы бойынша Индер аудандық тұрмысты қамту комбинатында бас экономис болып 06.02.1962 жылға дейін істейді. Осыдан кейін Есбол аудандық партия комитетінің №22 санды жолдамасы бойынша 28.XII.1962 жылға дейін Гурьев обылыстық автомобиль терісінің Индердегі №11 базасында бас бухгалтер болып жұмыс атқарды. Осы жылы Индер аудандық партия комитетінің №159 сандық жолдамасымен ауыл шаруашылық жұмысына ауысып, 09.01.1963 жылдан 1983 жылдың сүмбіле айының 30 күні зейнеткерлікке шыққанға дейін Амангелді атындағы совхоздың бас бухгалтері қызыметін абройлы атқарды.

         Ол аудандық емес, обылыстағы, қала берді республикадағы жоғары рентабельді шаруашылық болып тіркелген Амангелді атындағы совхоздың мәдинеті мен экономикасының өркендеуі жолында көп еңбек сіңірді, туған ауылының өмір тіршілігінен бір күн де тысқары қалған емес. Жергілікті Советтің алты бірдей шақырулында №2,5,6,8,9,25. Окургтері бойынша депутат және барлық жылдарда да социалистік заңдылықты сақтау, сауда, бюджет жөніндегі тұрақтылықты комиссиясының төрағасы болды.

 

1965 -1981 жылдар аралығында В.И.Ленин атындағы орта мектепте ата-аналар комитетінің төрағасы, 1951-1985 жылдар аралығында селолық совет пен кәсіподақтар комитетінің жанындағы жолдастық соттың төрағасы болды.

 

  1956-1961 жылдарда аудандық тұтынушылар қоғамында тергеу комиссиясының орынбасары болып жұмыс істеді. Ауылдық клуб, кітапхана, мұражай кеңестерінің мүшесі де болып қоғамдық қызымет атқарды.

 

   1.01.1958- 02.12.1960 жылдары аудандық советтің заседателі жұмысын да істеген. Қатарынан 12 жыл бойына орта буын мамандар мен есепшілерге экономикалық негіздерден сабақ берді. Осындай еңбектері бағаланып, Индер ауданың \’\’Құрметті азаматы\’\’ атағына ие болды.

(Куәлік №26 11.12.2001 жыл)

 

   I дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені мен Лининнің 100 жылдығына байланысты

\’\’ Айбынды еңбегі үшін\’\’ медалімен, осы жылдардағы \’\’Қажырлы еңбегі үшін\’\’ 

\’\’Жуков\’\’ медалімен, \’\’Енбек ардагері\’\’ медалімен марапаталған. Республиканың екі рет ақшалай, обылыстық бақылау комитетінің заттай сыйлығына ие болды.

 

   Обылыстық аудандық атқару комитететерінің, газеттердің, шаруашылық орындарының, әскери комитеттінің, ауылдық басшы орындарының бірнеше дүркін Құрмет грамоталарымен марапатталады.

   Ауылымыздың білім ордасы мектепбімізге Мұқанғазы есімінің берілуіне көп еңбек сіңірді. Осы жолда газеттерде көптеген мақалалар жазып және аудандық, обылыстық, республикалық комитеттерге хат жолдаған. Осы хаттарға Иманғали Тасмағамбетовтің, екі бірдей комитеттінің бірінші орынбасары Сұлтан Оразалиновтің №140.22.041996 жылғы Тасқаринге деп жазған хаты дәлел. Бұл хаттағы хабарламада мектепке Мұқанғазы Сирановтың аты берілгендігі, қаулының жақында тиісті жерлерге жіберілетіндігі туралы айтылған.

   Кеңестік дәуірдің адал солдаты болған бейбіт кезеңде де адалдықты пір тұтты. Ол кезең кім-кімненде тәртіп пен әділетті талап еткенін білеміз. Қатал уақыттың заңынан жаңылмаған және өзі де тура жолда жүрген ауылдың алқа билер тобын басқарды. Ауылдық Сот төрағасы болған кезеңдерде қаншама тағдырларға қол ұшын берді.

          

 

 

                                  МАРАПАТТАРЫ

1.1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалі

 

2.1941-45 жылдардағы соғыс кезіндегі \”Айбынды еңбегі үшін\”медалі

 

3.Отан соғысының \”I дәрежелі ордені\”

 

4.1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 25 жылдығы белгісі

 

5.Атырау обылысы Индер ауданының \”Құрметті азаматы\”атағы

 

6.1941-45 жылдардағы Жеңістің 55 жыл құрметіне \”Соғыс ардагері\”белгісі

 

7.Еңбекшілердің коммунистік рухта тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін жергілікті басылымдар мен бүкіл одақтық ауыл село тілшілерінің кеңесінің 50 жылдығы құрметтіне байланысты Гурьев обылыстық кеңесті атқару комитетінің грамотасы (18.12.1973)

 

8.Еңбекшілердің тәрбиелеудегі еңбегі үшін Қазақстан коммунистік партиясы мен өкіметінің 70 жылдығына байланысты Мақтау грамотасы (15.09.1990)

 

9.Ұзақ жылғы және мінсіз қызыметті үшін СССР жоғарғы Президумы Кеңесінің атынан Гурьев обылыстық атқару комитеті тапсырған \”Еңбек ардагері\”медалі (12.12.1984 12.04.1985)

 

10.В.И.Лениннің туғанына 100 жылдығына байланысты \”Айбынды еңбегі үшін\”медалі (11.08.1970)

 

11.Қызыл Армияның құрылғанына 50 жыл медалі (9.01.1974)

 

12.Қарулы күштердің 70 жылдық медалі (23.02.1985)

 

13.Достастық елдері басшыларының 1995 жылғы 26 мамырдағы шешіміне сәйкес \”Жуков\”медалі (10.02.1997)

 

14.СССР Жоғарғы Кеңесінің 07.05.1965 жылғы бұйрығымен 1941-45 жылдардағы Соғыстағы Жеңістің 20 жылдық медалі

 

15.Жеңістің 30 жылдық медалі (8.051975)

 

16.Жеңістің 40 жылдық медалі (12.041985

 

17.Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы жарлығы бойынша Ұлы Отан соғысының 50 жылдық медалі

 

18.Ұзақ жылдар экономикалық саяси сабақ жүйесіне жетекшілік еткені үшін Гурьев обылыстық Білім тарату қоғамының грамотасы

 

19.Аудандық газеттің 60 жылдық торқалы тойына байланысты Мақтау қағазы.

Үмбет
Tagged on: