Менің әкем Уринбаев Ағабек Нохибаевич, 11.07.1971 жылы Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысында туылған, білімі жоғары, педагог мамандығын тәмәмдаған, қызметте директор орынбасарына дейін қызмет атқарған, қазіргі таңда Астанада автобус жүргізушісі болып жұмыс жасайды. Үш бала тәрбиелеуде, 6 немересі бар. Мінезі ашық, ақкөңіл, кез келген адамның тілін таба біледі, достарының мақтанышы, отырыстарда, той жиындарда белсенді қызмет атқарады. Ән айту, би билеу, гитарада ойнау, домбыра тарту жалпы айтқанда сегіз қырлы бір сырлы жігіттердің бірі. Бос уақытында шахмат ойнағанды, кино көргенді ұнатады. Сонымен қатар, спорт жағынан жетістіктері аз емес, атап айтқанда, футболдан, волейболдан, үстел теннисінен, гонболдан жетістіктері бар. Мен әкеме қарап бой түзеудемін, себебі ол кісіні тек жақсы жағынан ғана естігенмін, әкемнің үмітін ақтауға, ол кісінің абыройын таптамауға және мақтанышы болуда жұмыс жасаудамын. Мен әкемді қатты жақсы көремін. Ол кісінің маған берген тәрбиесіне, берген біліміне алғысым шексіз.
Ардағымсың, әкетайым, асқарым.
Қанатымсың, бар байлығым, аспаным.
Сенің арқан бүгінгі күн көргеніміз,
Жанымдасын керегі не басқанын?!

Өмірімнің мәні сенсің – әкем-барым.
Алдында тік тұрғызар ем әке бәрін.
Жетпейді ғой, бұдан көпке лайықтысын.
Нұрын жауып жарылқасын сені Тәңір.

Қорғанымсың, сүйенішім – әкешім.
Сый-құрметпен мақтан тұтам әке шын.
Өзің барда, сөнбейміз ғой, өшпейміз.
Аман жүріп қуантқайсың үй-ішін.

Тәрбиен тек жақсылыққа беттейді,
Сен сілтеген жолдан тайып кетпеймін.
\”Қара қызым\” деген бір-ақ сөзіне,
Бұл дүниеде ештеңе де жетпейді.

Ағабек
Tagged on: