Күмісбек Биімбет ұлы, руы Сіргелі – Қайшылы, туылған жері Шұбар өзеніңін бойында Тоқсансай ауыл мекені.

20 ғасырдын 30 жылдары Шұбар колхозының Төрағасы, Шаян аудандық атқару комитетінің Төрағасы (Сол кездегі Шаян ауданы көлемі қазіргі: Шаян, Байдібек би, Арыс, Ордабасы аудандары).

Ашаршылық кезінде 1932-1934 жылдары, Күмісбек атамыз баурларымен, мемлекеттке азық-түлікті дамыту жобасымен жинаған астықты, ат арбамен әкетіп бара жатқанда, жігіттерге қаптын астын пышақпен тестіртіп, дәнді жерге төгілгізіп, сол сылтаумен адамдарға таратқан, адамдар айдын жарығымен дәнді жинап, көп халық ашаршылық өлімнен құтқарылып қалған. Сол бауырларының арасында колхоздың – аудандық атқару комитетінің парторгы Бөрібек ұлы Алдамұрат атамызда болған. 1938 жылы Күмісбек атамызды қамауға алып, халық жауы деп, өлім жазасына үкімі шығады, бірақ ату жазасының шешімі орындалмайды, себебі шешім шығарған Қазақстанның бірінші қатшысы Голощекин өзі халық жауы деп түтқынға алынып өлім жазасына кетеді, содан кейін Күмісбек атамыз ақталып аман қалады.

 

Мәлімет берген: Алдамұратов Нұрлан

Күмісбек
Tagged on: