Саржала (Өмірзақ) батыр Жанбайұлы – Ұлт-азаттық қозғалыстарының тарихын тереңірек зерттеп, бір жүйеге келтіру – кезек күттірмейтін міндеттердің бірі. XVIII ғасырда өмір сүрген, өлкемізде орыс отаршылдарына қарсы белсене күрескен батырларымыздың бірі – Саржала батыр. Саржаланың азан шақырып қойған шын аты – Өмірзақ. Сырым Датұлы көтерілісі уақытында көтеріліске қосылып, әскердің айбынды қанаттарының біріне айналған. Ел аузындағы бір аңызда Ағатай батырдың тама Есет бастаған жорықта ерлік танытып, көзге түскені айтылатын. Бірде Ағатай батыр жорықтан оралғанда досы Жанбай сауға дәметкенде оған қалмақ қызын беріпті. Сол қалмақ қызынан Саржала батыр туған екен деген халық арасында аңыз бар. Саржаланың нақты қай жылы туылғаны белгісіз, 18-ғасырдың 70 жылдарында қол бастаған батыр болды. Шамамен Сырымнан жасы үлкен, Есболайдың Итемгенінен кіші, ал Табылды мен Қарадан үлкен. Олай болса Саржала батыр Ақтабан шұбырынды оқиғасынан кейін қазақ халқы ес жиып, ежелгі жауымен шайқасқан кезде өмірге келген деуге негіз бар. Саржаланың немересі Қойбас би Исатаймен, Жәңгір ханмен тұстас, аз-кем ағалығы болған, ел билігіне араласқан. Сонда Саржала батыр 1725-1780 жылдар шамасында туған деп жобалауға болады. Ендеше Саржала батыр 1730 жылы туылған болса керек. Ол Сырым батыр қозғалысына бастан-аяқ қатысқан батыр. Саржала батыр шамамен 1815-1817 жылдары қайтыс болған. Ол туралы М.Вяткиннің Сырым батыр, Ә.Ғабдуллиннің Саржала кітаптарынан толық мәлімет алуға болады. Бірде Сырымның үзенгілесі Беріш Саржала батыр Тайман ауылының үстінен түседі. Қалың сарбаздан қорқып қалған балалар үйді-үйіне безеді. Тек алты жасар Исатай ғана қасқайып тұрып алып, бұқа болып өкіріп, топырақ боратып, аттарын үркітіп, айбат көрсетеді. Сонда Саржала батыр ат ұстай шыққан Тайманға: Мына балаңнан үміт күтуге болар. Ерлігін көруге жазса, бес қаруымды осыған сыйлармын, – депті. Ә.Сарай Исатай мен Махамбет 27-б. Профессор М.Вяткин Сырым батыр деген еңбегінде XVIII ғасырдың соңғы ширегінде Батыс Қазақстанда болған ұлт-азаттық көтерілісте Саржаланың Сырыммен үзеңгілес жүріп, қол бастағанын баяндайды. Өлкеміздің дербес ардагері Әбуғали Ғабдуллиннің Саржала батыр атты мақаласында Халық кеңесі газеті 7-сәуір, 1997ж. Саржала батыр туралы анық жазып, баяндаған. Саржала батырдың көзі шегір, алыстан көретін адам екен. Дендер тауында Жайықтан өтіп келе жатқан қалмақ қолын көріп. Бұл жаудың алды көк найза, қан екен, арты май екен, – депті. Сөйтіп жауды бір қанаттан орағытып барып, соңынан тиіп тоздырған. Ел аузында Саржала батыр 90 жасқа жақындағанда Исатайдың бір ісіне разы болып, ол старшын болып атқа қонғанда сауыт-сайманын тапсырып, батасын беріпті – деген сөзі дәлел бола керек. Нарынға 1801 жылы Бөкей бастап келген елдің ішінде Себектің Бөрібасынан өрбіген Бөрте батыр, Тума, Жанбай атты балаларының немере, нементайлары да болған. Қауымдасқан бұл ауылға Саржаланың немересі Бекбайұлы Қойбас би болған көрінеді. Сырым Алдар биге барып ақыл сұраған, бидің жасы ұлғайған шағы болса керек. Сонда Алдар би, сол замандағы Беріш-Себектің биі, әрі батыры Саржала батырға барып жолығуына кеңес беріпті. Сырым Саржаламен екеуінің арасында салқындық барын айтқанда. Екеуінің араңдағы ағайын арасындағы өкпе-наз, сенің жауың – Саржалаға да жау, елдің жауы – деген екен. Мұны мақұл көрген Сырым Саржалаға беделді ақсақалдарын жұмсаса керек. Сонда Саржала батыр Тайы құнан шықсын, Құнаны дөнен шықсын, содан кейін келсін – депті. Патшаға, ханға қарсы көтерілуге ел даяр емес, асығыс іс қылып арандаудың жөні жоқ дегені екен. Келер жылы Сырым бастаған қозғалыста Саржала батыр қол бастаушылардың бірі болыпты. Саржала батыр елім деп туған ер, арқалы батыр, қолбасшы, айыр тілді шешен, төрені төрден тайдырған, ақ қараны айырған дана, білікті би бола білген. 

Саржала Батыр
Tagged on: