СЕБЕК АТА ТУРАЛЫ.
Он екі ата Байұлының бірі-Беріш. Беріштен Байбақты мен Байсейіт. Байбақтыдан Әсілбас, одан Себек пен Жаңбыршы тарайды. Екеуінің қайсысының үлкен екені белгісіз, бірақ Жаңбыршы үйленіп, Даулетбай, Тайланбай, Сүйірбас, Сәдір, Садақшы атты бес балалы болғаннан кейін дүние салыпты. Ұлдары Себектің қолында өсіп, тәрбиеленеді. Сондықтан олардың ұрпақтары өздерін әрдайым «Жаңбыршы Себекпіз» деп атайды.
Себек атамыздың қай ғасырда өмір сүргені белгісіз. Жапон ғалымы И.Эцеди Қарлық хандығы үш тайпадан емес, төрт тайпадан құралғанын, төртінші тайпаның есімі Себек екені дәлелдеген. Ал, академик Әлкей Марғұлан «Қазақтың жыр-аңыздары» атты кітабында 10-шы ғасырда Хазар хандығы негізінен екі тайпадан құралған: Бірін-Хазароғлы, екіншісі – Берішоғлы деп көрсеткен. Қытай тарихшысы Ма Шаңсу: екінші шығыс Түркі қағандығының ірге тасын қалаған ақылгөй Танйұйық ( Тоныкөк) Беріш тайпасының Себек тармағынан шыққан адам деп жазған. Жоңғарияның талқандалуы Қытай мен Қазақ хандығының арасындағы айырбас сипатындағы сауданың қарқын алуына себеп болып, хан-сұлтандар, би-батырлар өз беттерімен еш кедергісіз, төрт-түлік малға тұрмысқа қажетті заттарды айырбастауды жиілетіп, халық тұрмысының жақсаруына ықпал етті. Осы қолайлы жағдайды ресми хандармен қатар, қазақтың Кіші жүзі билеген әр аймағының хандары: Нұралы, Батыр және Қайып хандар пайдаланғаны белгілі. Мысалы: « Қазақстан тарихы туралы Қытай деректемелері» атты « Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көрген 5 томдық жинақтың Алматыда 2005 жылы жарияланған 2 томының 55-бетінде «Цин дәуірі суреттеріндегі қазақтар» атты кестеде №6 және № 9 ретпен берілген деректе: жоғарыда аттары аталған сұлтандар: Болат пен Әбілпейіздің 1762 жылдың ақпаны мен 1764 жылдың қаңтар айларында Себек деген елшінің Қытайды билеген патшасы Цянь Лунның қабылдауында болғандығы көрсетілген. Себек болса Кіші жүздің «Байұлы» аталатын тайпасының Беріш бөлімінің ру басы, яғни ел басқаруға араласқан белгілі адамы болғандығы халқымыздың «ауызша тарихы» атадан балаға мұра қылып, айтылып келе жатырған өсиет, шежіре бойынша бізге – тоғызыншы баба болып келеді. Шежірешілер әрбір атаға шамамен 30 жылдан есептегенде Себек атамыздың ғұмыр кешкен жылдары сөз етіп отырған оқиғалар кезеңіне сәйкес келеді. Байұлының бірі Беріштің үлкен баласы Байбақтының тұңғышы Асылбастың ең үлкені Себек екенін ескерсек, ежелден малы мен жаны қатар өскен Себек атамыз жасынан ел билеу мен билікке ерте араласқан. Қалай болғандада Себек руы «Жеті ата; яғни «жеті баулы» Беріштің ағасы болып саналатын күні бүгінге дейін шежіре білетін, ағайындарға аян. Бұл шежірелік дерек жөнінде XVII ғасырдағы, ағылшын саяхатшысы Джон Кэстл жазып қалдырған.
Ерзат Меллат есімді журналистің 2019 жылдың 12 қыркүйегіндегі «Алтын аймақ» газетінде жарияланған «Қазақ құрамындағы көк түрік рулары» атты мақаласында: «Түрікпен тілдес, қоныстас төлес, қаңғар (қаңлы), төлеңгіт, байырқы (барқы), яғыма (жайма деген атпен қоңырат арасында), шығыл (шыбыл деген атпен албан және шапырашты арасында) әлі өмір сүріп жатыр.
Қазақ халқының этностық бірігу тарихында Көк түрік қағанатының алатын орыны айрықша. Көк түрік қағанатын Бумын қаған орнатқаннан тартып Мұқан қағанның тұсына келгенде территориясы 10 миллион шаршы шақырымнан асатын алып империя болатын, олардың тарихы олармен қанаттас өмір сүрген Жоу, Сүй, Таң қатарлы Қытай мемлекетерінің тарихында хатталды, сондай-ақ Орхон-Енесейдегі тастарға қашалып жазылды. Түріктер оннан аса кіші руға бөлінген, соның ішінде Қазақ құрамына кірген Түрік, Себек, Беріш, Шекті, Шөмекей, Түргеш руларын айрықша атауға болады, мың жыл өтседе осы рулардың аты өшкен жоқ! Осы рулардың ішінде Түргештер кейін өз алдына бір мемлекет құрды. Ол туралы тарих бөлек, төменде біз қалған бес тайпа туралы деректерге тоқталамыз.
Себек Шығыс түріктердің 19 ауданға бөлген таңдықтардың жазбасында аталады. «Себек дуаны Себек руына құрылды… Үкек дуаны Үкекше руына құрылды. Неш дуаны Таднеш руына құрылды. Беріш дуаны Беріш руында құрылды… Қара дуаны Қара руына құрылды… Бөкен тұтығы Шөмекен (шөмекей) руына құрылды. Өрлік дуаны Түргеш руына құрылды. Кертау тұтығы Түргеш-Алаш руына құрылды. Екі өгіз тұтығы Шеп-шад-тон-чор руына құрылды. Иыңса тұтығы Шәнәш Шопарчор руына құрылды.Тұзкөл ауданы -Күлік -күл-чор руына құрылды» (Көне Таңнама. 144 тарау. Түрік баяны).
«Түрік емті беглер, кісіре тардүш беглер, күл чор башлаю чад апыт беглер, өңіре Төлес беглер апа тарқан,, башлаю ұлаю чад апыт беглер, бұйрұқ… таман тарқан тұниұқұқ бойла баға тарқан ұлаю, бұйрұқ… Ічі бұйрұқ Себек күл еркін, башлаю, ұлаю бұйрұқ бұнша емті, беглер апраңым ертүңү… » (Білге қаған).
Түрік текті бектер! Кейінгі тардұш бектері! Күл чор бастаған чад апыт бектер! Өңіре төлес бектер апа тарқан, бастап ұласқан чад апыт бектер, бұйрық… таман тарқан тұниқұқ бойла баға тарқанға ұласқан бұйрық, іші бұйрық себек күл іркін бастаған, ұласқан бұйрық бұнша еді, бектер атамның ертеңі…
Көріп отырғанымыздай себектер – көк түріктің белгілі руларының бірі, атақты Тұниұқұқ та осы рудан шыққан, Білге қағанның қатұны Себек қатұн атанған. Қазақ құрамына кірген себектер Беріш тайпасының бір руы саналады» деп жазады.
Себектен Аданғұл (Тоқпақ), Бөрібас, Сары дүниеге келеді. Бөрібастан Бөрте, Жанбай, Тума өрбіген. Бөрте атамыз батыр болған. Сол қилы заманда тоқым төсеніп, ер жастанып жорықта жүргенде Бөрте батырдың әйелі мен екі баласы қайтыс болады. Кезекті жорығынан ауылға оралған Бөртеге жаман хабарды жеткізуге ешкімнің батылы жетпейді. Сонда руы Жайық Беріш Шұбар батыр «Бөрте құрдасым еді, өзім естіртейін» деп алдынан шығады. Батырмен кездескенде аруақты батыр айқай салып үн қатады: «Әй, Бөрте! Сен бір құдай соққан жан едің, құдай соқпаса балаларыңа Аспан, Зімбіл деп ат қояр ма едің?! Аспаның аспанға ұшты, Зімбілің жер құшты, қатының олардың қасына түсті» дейді. Сонда Бөрте қайраттанып: «Әй, Шұбар! Не деп тұрсың, қатын елде, бала белде, Жанбайжан аман ба, соны айт?»,-деген екен.
Соған қарағанда Бөрібас ұрпағының үлкені Бөрте де, кенжесі Жанбай болғаны, ал Тума екеуінің ортасындағы ұл болса керек. Бөрте атамыз бен Шұбар екеуі құрдас дедік, бірақ өмір деректері сақталмаған. Шамамен XVII ғасырдың соңы XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген.
азар аударыныңыз, Себек туралы мақала енгізудесіз