Жәдік би Масқардың сегіз арысының бірі 1693-1791 жылдарда өмір

сүрген.

 Мұхамметжан Сералинның 1911 жылы №1 «Айқап» журналында

«Қазақтардың Ресеймен қарым – қатынасы жөніндегі» жазған мақаласында

былай деп көрсетеді: « 1730 – шы жылдың басында қазақта Ұлы жүзге

Жолбарыс, Орта жүзге Сәмеке, Кіші жүзге Әбілхайыр хан болған. Россия

патшасына бағыну пікірі ең әуелі Кіші жүздің ханы Әбілхайыр ханға түскен»

Сонымен келіссөз жүргізу нәтижесінде 1738 ж. 3-ші августа Әбілхайыр хан және

үш жүздің ру басшылары, батырлары ант беріп, мұсылманша жазылған ант

қағазына қол қойған. Масқардан солардың ішінде 9-шы болып Жәдік бидің, ал 42-

ші Игілік Мамай, Аталық баласының, қолдары бар. Барлығы 54 адам қол қойған».

 Жәдік би Кіші жүздің тілінен бал тамған, өткір тілді, қайсар, бір

айтқанынан қайтпайтын адам болса керек. Кейбір замандастары «қан тамбас

қара Жәдік» деп мұқатпақшы болыпты. Бұлай аталуының себебі, қазақ арасында

билік айту оңай болмаған. Жақыным деп ешкімге тартпай, ханнан да, батырдан

да сескенбей бір кесіп шешімін айта білген. Ел арасындағы жанжалдарды шешуге

ерте араласқан дана билердің бірі. Халық басына төнген қыйын кезеңде, ат

үстінен түспей, елдің басын біріктіруге бар қабілетін салады.

 1726 жылы үш жүздің басын қосып, қазақ жасақтарының бас

қолбасшылығына жас та болса Кіші жүздің ханы Әбілхайырды өткізуге күш

салады. Бұдан Жәдік бидің елді біріктіретін, қабілетті адамды тани білгендігіне

тарих куә екенін жақсы білеміз.

 Әбілхайыр ханмен кейкезде келіспеген кездері де болса керек. 1730

жылы Әбілхайырдың Ресей патшайымына елші жіберуіне, 1731 жылы Кіші

жүздің Ресейге қосылғанын мойындамағандардың бірі. Алайда, өмір бір орнында

тұрмайды, жан-жақтан құрсауда қалғанын біліп «1738 жылы Орынбор

қаласында қазақ сұлтандарының съезіне шақырылғанда барып, Кіші жүзден 25

старшина, оның ішінде Әбілхайыр хан, ұлдары Ералы, Нұралы, Орта жүзден 27

старшина, сұлтандар, оның ішінде Әбілмәмбет хан, Абылай сұлтандар да болған

еді. Солармен қатар Жәдік би Масақов Ресейге берілгендігін қуаттап

бармақтарын басады». Осы кезеңде Абылай сұлтан Жәдік биге қанжар сыйлаған,

ол қанжар ұрпақтарында сақталуда.

 1743 жылы Кіші Жүз ханы Әбілхайырдың өлімінен кейін ел ішіндегі

хандық билікке таласты, оның үстіне орыс патшасының саясатының араласуы

кезеңінде, қазақ елінің бірлігін сақтап қалу үшін бар қабілетін жұмсай білді. Сол

жылдың «21 қыркүйегінде Борсық мекенін жайлаған Нұралы сұлтанмен бірге 104

адам, олардың ішінде Ақкете Алтай, Алаша Байсеу, Жаппас Баймұрат, Шекті

Бақтыбай, Ысық Байтерек, Аталық Көбек мырза, Керейіт Көшім қожа, Масқар

Жәдік билер хан ордасына келген».

 Бұндағы мақсаты, ойы Кіші жүздің ортақ бір ханы болуды қолдап,

оның ішінде Нұралыға ерекше сенім артқаны еді. Оның бұл ойын Кіші жүздің

халқының көпшілігі, Орта жүзден Жәнібек Тарханның келуі, Абылай

сұлтанның,Ұлы жүзден Қаракесек Қазыбек бидің қолдаулары дәлел бола алады.

 Кіші жүздегі Сырым Датұлының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі

жеңілгеннен кейін, Сырым атамыз атамекенін тастап, Арал теңізінің маңына

жетпекші болып, өз руластарына жар салып, көшке әзірлік жасауды

бұйырыпты. Мұны естіген ақсақалдар: «Туған жерді тастап, қайда барамыз», –

деп іштей мұңға батыпты. Бұл хабар қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы

Қаракөл – Қарабауда отырған, ел сыйлаған қарт Жәдік биге жетеді. Бұны естіген

би шабарман жіберіп, Бұлдырты өзенінің бойындағы Сырым батырға:

-«Ата көрген оқ жонар, үлкенді сыйлап, сәлем беріп, қонақ болып кетсін,» – деп

шақырту жолдапты. Сырым батыр көшті тоқтатып, амал жоқ, қонаққа

барыпты. Қарт би өзі тұрып қарсы алып, тай сойып қонақ болыпты.

 Сырымға Жәдік би :

-«Сырым , елге сыйлы, ақылды шешен, ерте білгір атанған батыр жігітсің, осы

уақытқа дейін жауабын таба алмай жүрген сұрағым бар еді, арманда кетем бе

деп едім, құдай сені өзі жүздестірді», – дейді.

Сырым көп күттірмей-ақ, оның не сұрақ екенін, қойса жауабын айтып

көретіндігін айтыпты. Сонда Жәдік би:

– Бірінші сұрағым. Ет сасыса не себеді? – дейді.

Сырым күліп:

– Оны да сұрақ деп отырсыз ба? Тұз себеді,- депті.

Жәдік би болса:

– Ал онда екінші сұрағымды тыңда. Тұз сасыса не себеді?» – деген екен. Бұл сөзді

естігенде, Сырым батыр аңтарылып отырып қалыпты да, біраздан соң:

–Талайды көрген тарлансыз, мен жеңілдім, – деп тұрып жүре беріпті. Қасындағы

жігіттер аң-таң, елге келгенше ешқандай әңгіме айтылмайды. Жол бойына

Сырым батыр ойға беріліп келіпті. Іштей дана бидің сұрағын «ел басы сен

сасысаң не болады», – деп шешіпті. Елге оралған соң, көшті тоқтатып, туған

жерде қалыпты деседі. Жәдік би 98 жасында қайтыс болған.

 Кезінде ауыз әдебиетін жинауда Жәдік бидің шешендік сөздері өзіне

қайтарылса екен деушілер жеткілікті.

 Жәдік бидің кейінгі ұрпақтарына тоқталып өтейік.

 Ағайынды Рысқали, Ғұмар Залиевтер Ордада Жәңгір хан ашқан алғашқы

орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін, Орынбор мұғалімдер семинариясын

тәмамдаған қазақ зиялылары – Масқар руының Қадірғұл атасынан.

 «Нұғыман Залиев – Қазақ автономиялы республикасының С. Меңдешов

басқарған алғашқы үкіметінде Ағарту халық комиссары болып істеген.

Масқардың Жәдік атасынан» Н. Залиевтің өмрбаянына тоқталып өтсек.

 Н. Залиев /5.05.1889, Астрахан губ. Қамыс-Самар қысымы, Жаңақала

/Сетекбайтоғай/ ауданында дүниеге келген -15.02. 1938 жылы қайтыс болған.

алғашқы халық мұғалімдерінің бірі, қоғам қайраткері.

 Тегі – он екі ата Байұлына жататын Масқар руының Жәдік би бөлімінен.

Әкесі Зал Асанұлы орта шаруалы, мұсылманша сауатты кісі болған. Н. Залиев

әкесінен оқып сауатын ашқаннан кейін Қамыс-Самар бастауыш қазақ-орыс

мектебін (1898-1902), Орда қалалық орыс-қазақ Романов училищесін,

1905 ж. оның жанындағы пед. курсты бітірді. Сол жылы Қазан мұғалімдер

семинариясының тыңдаушылары, жерлестері М.Сәрсембиев, С. Меңдешевтің

ақылымен Қазан мұғалімдер семинариясына қазына есебінен 20 сом стипендиямен

оқуға қабылданды. Осында жүріп И.Қашқынбаев, Ғ.Бердиев, Ә.Иманбаев сияқты

қазақ студенттерімен, М. Уахитов, Н. Никольский, В. Охотников тәрізді

татар, чуваш, мары ұлты өкілдерімен бірге Алафузов фабрикасы жанынан

құрылған РСДРП ұйымының оқушылар ұясына кіргені үшін 1906-1907 жылы

полицияның жасырын бақылауына ілінді.

 Семинарияны 1909 жылы бітіргеннен кейін Ғұмар Қараш, Ғ.

Мұсағалиев сияқты белгілі ағартушылар ашқан Тіленшісай мектебінде (қазіргі

Казталов ауданы, Қараоба ауылы маңында) жағрафия, тіршілік тану пәндерінен

сабақ береді. Меңдешов бастаған халық мұғалімдері тобы ұйымдастырған.

 Жәдік би Төле бидің қызына үйленіпті деген аңыз бар (12.)

 Жәдіктен – Өте, Өтеміс, Кете, Игілік(1738) (Омархан, Орыс), Естеміс

(1722).

Жәдік би
Tagged on: