Кедей – Кіші жүздің Шөмекей руының ішіндегі ірі аталақ ру. Кедейдің Сары бәйбішесінен (Сырға анамыз); Түрке, Жомарт, Пұсырман деген рулар бар. Көп өскені Пұсырман тұқымы, оның отыз ұлы болған. Пұсырман балаларын тостағандарына ас құйып бергенде түгелдеген. Тостаған ауысып қалса, соған қарап жоқ балаларын іздеген. Өз сыбағасын ішкен балалары қазанға екінші рет ұмтылмаған /10.48/. Түрке елге даңқы белгілі жаужүрек батыр болған. Ал, Жомарттың ұлы Шанқтан Назар туады. Назар өзінің қонысына лапылдатып от жағып қояды екен. Ондағысы жол-жөнекей адасқандар болса, тауып алсын дегені. Назар елімен көшкенде көшкен жеріне шоққа нан салып кететін болған. Жолда ашыққандарға нәр, талғажау болсын дегені. Ел аузында « Есімнің еліне қонғанша, Жомарттың жұртына қон» деген мақал қалды /5/
Кедейдің сары бәйбішесінен өрбіген ерді – Сары Кедей деп атайды. Кедейдің екінші әйелі Қара бәйбішесінен (Арғын қызы –Рабиға); Қосқұлақ, Қойшыбай, Байғар, Сәден деген төрт жолбарыс ұл туады.Қазір бәрінің де ұрпақтары баршылық. Қойшыбай да би болған. 1780 жылы 14-қыркүйекте Нұралы хан бригадир А. Тевкеевке Қойшыбайды кеіссөз жүргізуге аттандырғаны жөнінде деректер кездеседі/4.527/. Қосқұлақ би өз кезінде Нұрата мен Сыр, Тауелібай елінде әділ билігі мен тапқырлық шешендігімен көзге түскен көрнекті де қабырғалы би. Одан тараған ұрпақтарының бірі Жұбан батыр (1794-1868). Жарылқап би Манасұлы (1855 жылы) Біріншісі-қазақ халқының тәуелсіздігі жолында күрессе, екіншісі- патша билігінде болса да қызметтік тәрк етіп, Кенесарыұлы Сыздықты қолдаған./5,149/. Ал Байғара алып денелі палуан болған. Оның алып күш иесі екені туралы ел аузында көптеген аңыздар тараған. Байғара адам баласымен күреспеген. Бірде біреулер одан « Неге басқа палуандар секілді күресіп, осы уақытқа дейін бағыңды сынамадың?»-деп сұрайды. Сонда ол; «Менімен күресетін адам болған жоқ»,-деп жауап береді. Байғара өзінің астындағы тұлпарын кейде арқалап жүрген. Ол ешкімге қиянат, зорлық қылмаған ақ бейіл кісі болған-ды. Бұл Қара бәйбішенің ұрпақтарын Қара Кедей деп атайды.
Пұсырман