Халыққа қамқор болған жан
(Сегізбаев Исмайлдың туылғанына 125 жыл)
Сегізбаев Исмайл 1896 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы (бұрынғы Шаян ауданы) Жүзімдік елді мекенінде дүниеге келген. Туған ауылы Жүзімдік пен Талапты өзендерінің бойында орналасқан. Ұлы Отан соғысы аяқаталғаннан кейін Жүзімдік ауылынан МТС құрылады әрі Талапты Жүзімдікке қосылып содан Жүзімдік ауылы аталады.
Сегізбаев Исмайл 1916 жылдан 1934 жылға дейін Шаян ауданы, Жүзімдік совхозында жер жыртып, диқаншылықпен шұғылданған. 1934-1938 жылдар аралығында Жүзімдік ауыл шаруашылығы кооперативінің сатушысы болып істеген. Жұмысқа деген ынта-жігерінің арқасында көптің көңілінен шығып, 1938-1940 жылдары Жүзімдік ауыл шаруашылығының сату бөлімінің орынбасары болып қызмет еткен. Ал 1940-1942 жылдары Жүзімдік ауыл шаруашылығы сатып алу бөлімің басшысы болған. 1942 жылы әскер қатарына алынып, отан қорғау жолында ештеңеден бас тартпайтындығын білдірген. 1943 жылдың 1 қаршасынан 1965 жылға дейін Жүзімдік ауыл шаруашылық мекемесінің төрағасы болып қызмет істеген.
Сегізбаев Исмайлдың Сулеймен деген агасы, Ханымкул деген апкеси, Пірімжар, Матей деген екі інілери болған. Бірінші жары Қыздарбектен қызы Рахима, ұлы Ілияс, екінші жары Тұрғанкүлден қызы Фатима, үшінші жары Жұлдызайдан Арын, Абдіманап, Әбдікәрім ұлдары болған. Төртінші жары Зеберкүл апамыз болған. Зеберкүл апамыз Арын, Абдіманап, Әбдікәрім балдарын өсіріп жеткізген. Содан кейін ауыл молдасы болып, халықтық емдеу жолымен ауру кісілерді сауықтырып отырған. Дәрігердің тапшы уақытында Сегізбаев Исмайлдың емшілік өнері бірталай адамдардың дерттен айығуына әсер етеді. Шаян төңірегі емес, Кентау қаласына дейін барып сырқат жандардың ауруына шипалық көмегін береді.
Соғыстан кейінгі қиын жылдарда ауыл адамдарын бір жерге шоғырландырып, селбесіп еңбек етіп, күн көруге бастамашылық етіп, қолынан келер жақсылығын аямаған. Сонымен қатар, ауылдағы жетім-жесірге жәрдем беріп, олардың жұрт қатарына қосылуына көптеп көмек қолын созған. Еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында Сегізбаев Исмайыл алдында мың қойы бар ауқатты әулетке айналады. Бала жасынан адалдықты ту етіп, ешкімнің ала жібін аттамай өскен тектілік тәлімі бар ғұмырында қонақжай, кеңпейілділігінен тандырған емес. Маңайындағы кісілерге қамқорлығы көп тиген қайырымды жанды көзі көрген ауыл адамдары әлі күнге айтып отырады.
Сегізбаев Исмайл 1974 жылы 17 желтоқсанда жарық дүниемен қоштасады.
Сегізбаев Исмайлдың жеке іс құжаты: Қор 363. Тізімдеме 2. Іс 47.
Қысқарған сөздер: МТС – машина-трактор стансасы.