ФорумДулат руы:Ьекболат ата балалары
0 +1 -1
Нұрсұлтан ШәріпхановНұрсұлтан Шәріпханов Админ. спросил 6 years назад
Дулат руы:Ьекболат ата балалары
Нұрсұлтан ШәріпхановНұрсұлтан Шәріпханов Админ. ответил 6 years назад

Құрметті админ және барша қазақ бауырлар!

Есімім Нұрсұлтан. Жамбыл облысы Тараз қаласынан боламын. Әкем – Ержан, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылындағы Жаңабай руынан шыққан. Әкемнің ауылымыздағы бір үлкен атадан жазып алған шежіресі бар. Яғни Жасөркен ауылында тұратын Жаңабайдың Жантайынын тараған Бейбіт бабамыздың төрт баласынын өрбіген ұрпақтары. Құдай қаласа қолымдағы шежірені тез арада осы сайтқа енгізуге тырысамын.

Админ

Сізден бір өтінішім бар. Біздің атамыздан қалған шежіре бойынша Бекболат атаның (Шымыр атаның баласы) осындай балары болған: Жиеш, Жиембет, Қарымбет, Шілмәнбет, Мырзамбет (Бестерек). Ал Жаңабай ата болса, Жиештен тараған. Осыны бір тексерсеңіз өйткені сайтта сәл басқаша жазылған екен. Қолымыздағы мәліметтерді салыстырып бір шындықты тауып сайтқа жазуымыз керек деп ойлаймын.