Шежіреге қосуға сұраныс жасау
    1. Алдымен сайтта тіркелу қажет.
    2. Содан кейін, шежіреге енгізуге сұраныс жасау керек

Сұранысты шежіреге енгізу парақшасынан таба аласыздар. Алдымен өзіңіздің шежіреңіз қай жерден қосылатынын анықтау қажет. Ол үшін жасыл дөңгелекшелерді басып, таңдау жасайсыз. Мысалға, Жетіруға кіретін Жағалбайлы руын шежіреге қосайық. Ол үшін Жетіруді таңдаймыз:

instruction_image1

 

Таңдау жасағаннан кейін, төменгі оң жақтағы терезені пайдаланып сұраныс жібереміз:

 

instruction_image2

Сұраныс жібергеннен кейін модератор сіздің сұранысыңызды қараудан өткізеді, жауабын Сұраныстар парақшасынан  көре аласыздар.

instruction_image3

Шежіреге еңгізудің ережелері
  1. Шежіреге енгізулерді компьютермен жасау қажет. Мобилді телефон немесе планшеттен енгізу кезінде қате кетуі мүмкін.
  2. Егер сұранысқа рұқсат берілсе, онда оның ұрпақтарына қайта сұраныс жасаудың қажеті жоқ.
  3. Тек қана сізге рұқсат берілген сұранысқа және оның ұрпақтарын қосуға, өзгертуге, өшіруге болады.
  4. Шежіредегі барлық есімдер бас әріппен басталуы қажет.
  5. Егер шежіреге енгізуде сенімді болмасаңыз, шежіреге енгізбеген жөн.
  6. Сіздің енгізген мәліметтеріңізді ешкім өзгерте алмайды. Сондықтан енгізуде адам есімінен және ұрпақтарынан қате кетпегені жөн.
  7. Сіздің енгізген мәліметтеріңіз “дұрыс емес” дауысын көп жинаса, енгізген мәліметтеріңіздің бәрі өшіріледі.
Шежіреге қосу, өзгерту, өшіру жасау
instruction_image4 Шежіреге қосу

  1. Егер екі немесе одан да көп ұрпақ енгізілу керек болса, қосу батырмасын басыңыз.
  2. Ұрпақ есімдерін енгізіңіз. Бас әріппен басталуы қажет.
  3. Енгізу батырмасын басу арқылы жүйеге енгізіңіз.

 

instruction_image5 Өзгеріс жасау

  1. Өзгерту керек ұрпақ есімін өзгертіңіз.
  2. Енгізу батырмасын басу арқылы жүйеге енгізіңіз.

 

instruction_image6 Шежіреден алып тастау

  1. Өшіру керек ұрпақ есімін өшіріңіз, ешқандай символ қалмау керек.
  2. Енгізу батырмасын басу арқылы жүйеге енгізіңіз.

Егер ұрпақтары жүйеде бар болса, онда ол шежіреден алынып тасталынбайды.